Ағымдағы жылдың 30 сәуір айында Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) мамандары Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, «Caspian Beverage Holding» ЖШС-де болған сейсмикалық жаттығуларды сапалы ұйымдастыру мақсатында жалпықалалық жоспарлы оқыту өткізді.
Жалпы Департамент жер сілкінісі кезінде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға дайындықты жетілдіру, құлақтандыру жүйесін тексеру, қала тұрғындарымен төтенше жағдайларға дайындық бойынша жаттығулар өткізді.
Қызмет бастығының нұсқауы бойынша Департаменттің және құрылымдық бөлімшелердің барлық қызметкерлері мен нысан құрылымдары жұмылдырылды, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғау ұйымдастырылды.