Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттерімен кездесу

Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 11 сәуірдегі Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан-Ресей медициналық университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 4-курс студенттерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында Департаменттің бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары З.Б. Салқынбаев, М.Н. Мухамедиев, Ж.А. Отарбекова, К.К. Конысбаева, Д.Б. Бөлегенова студенттерге мемлекеттік қызметке тұру тәртібі, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау, сондай-ақ осы саладағы өмірлік тәжірибелері туралы айтып берді.

Студенттер Департамент өкілдерін мұқият тыңдап, бірқатар сұрақтар қойып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке қызығушылықтарын танытты.