Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге қойылатын талаптар

Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолдарын гигиеналық өңдеуге қойылатын талаптар

Медициналық ұйымдарда МККБИ (бұдан әрі - Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар) қоздырғыштары берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляциялар жасау кезінде немесе медициналық ұйымның сыртқы ортасының әртүрлі объектілерін (аппараттарды, аспаптарды, пациенттерге күтім жасауға арналған заттарды, санитариялық-техникалық жабдықты, төсек-орын жабдықтарын, медициналық бұйымдарды, таңу материалын, медициналық қалдықтарды) ұстау кезінде қолының ластануы болып табылады.

 

Микроорганизмдердің қол арқылы берілу жолдарын болдырмау және МККБИ пайда болуы тәуекелін азайту үшін медициналық ұйымдар қызметкерлері қолдарын ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын барлық жағдайларда өңдеуі қажет.

 

Медициналық манипуляцияларды жүзеге асыратын медицина персоналы қолын тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарды сақтауы қажет: тырнақты алу, қолға лак жақпау, жасанды тырнақтың болмауы, зергерлік бұйымдар мен сағат, білезік тақпау, қолды зақымдаудың болмауы, білекті киім жауып тұрмауы тиіс.

 

Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолды гигиеналық өңдеуінің үш тәсілі бар:

1) қолды антисептик қолданбай, сабынмен және сумен жуу;

2) қолды антисептик қолдану арқылы (гигиеналық) өңдеу;

3) қолды хирургиялық дезинфекциялау.

 

Қолды антисептик қолданбай, сабынмен және сумен жуу –кірді кетіру және өтпелі флораның мөлшерін азайту

 

Қолды антисептиктерді қолданбай, сабынмен және сумен жуу мынадай жағдайларда:

1) тамақ өнімдерімен жұмыс жасаудың, тамақ дайындаудың және үлестірудің алдында;

2) тамақ ішу алдында;

3) дәретханаға барғаннан кейін;

4) пациентпен тікелей байланыс болмаған кезде пациентке күтім жасағанға дейін және одан кейін (төсек-орын жабдықтарын ауыстыру, үй-жайды жинау);

5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, науқастың зақымдалмаған терісін ұстағаннан кейін (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу);

6) жұмысқа тұру/жұмыстан кету кезінде;

7) қол қатты ластанған барлық жағдайларда жүргізіледі.

 

Қолды антисептик қолданыпөңдеу– міндет өтпелі микрофлораны жою

 

Антисептиктерді қолданып өңдеу мынадай жағдайларда:

1) пациентпен байланыс алдында;

2) тазалау/асептикалық ем-шара алдында;

3) биологиялық сұйықтықтар мен байланыс тәуекелімен байланысты жағдайдан кейін;

4) пациентпен байланыстан кейін;

5) пациенттің айналасындағы сыртқы орта объектілерімен байланыстан кейін жүргізіледі.

 

Антисептик:

- Алкоголь негізінде (кем дегенде 60%, оңтайлы 65-75%);

- қолдануға ыңғайлы;

- өткір иісі жоқ;

- терінің тітіркенуін тудырмайды;

- қызметкерлердің кем дегенде 80% жарамды.

 

Диспенсер:

- дозалаусорғысы бар стационарлық;

- қалта құю түрі (бүріккіш жоқ).

 

Қолды хирургиялық дезинфекциялау– міндет өтпелі және ішінара резиденттік микрофлораны жою

Қолды хирургиялық дезинфекциялау мынадай жағдайларда:

1) кез-келгенжеделараласулардыңалдында;

2) маңыздыинвазиялы ем-шаралардың (мысалы, ірі қан тамырларын пункциялаудың) алдында жүргізіледі.

 

Медициналық ұйымдардың басшылары жүргізетін гигиеналық өңдеу жұқпалы аурулардың алдын алудың маңызды шарасы болып табылады. Гигиеналық нұсқауларды дұрыс орындау пациенттер мен қызметкерлердің жағдайы арасында патогендік микроорганизмдердің берілуін болдырмауға, жұқпалы аурулардың қаупін азайтуға және емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.