Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша республикалық терминологиялық конференция

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша республикалық терминологиялық конференция

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша республикалық терминологиялық конференция өткізілді.

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білім институтының, ҚазҰМУ ректоратының өкілдері және басқа да өңірлерден келген қонақтар қатысты.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Нұрақынұлы Мухамедиев және бас маман Жансая Бақбергенқызы Ұлдақан қатысты.

Конференция барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы терминологиялық комиссиясының жұмысы талқыланып, оған мүше тұлғалардың еңбегі атап өтілді.