Иерсиниоз, листериоздың алдын-алу

Иерсиниоз, листериоздың алдын-алу

Иерсиниоз - инфекция қоздырғышы фекальді-оральді жолмен берілетін өткір зоонозды жұқпалы ауру. Ол асқазан-ішек жолдарын, буындарды зақымдаумен қатар, тірек-қимыл жүйесіне, бауырға, лимфа түйіндеріне және жүрекке әсер етеді. Инфекцияның негізгі таралу жолы – тамақ арқылы. Микробтар әртүрлі тағам өнімдерінде +4 +8°С температурада ұзақ уақыт бойы сақталып, көбейе алады. Табиғаттағы инфекциялардың көзі  ұсақ кеміргіштер, сондай-ақ өткір ауруға шалдыққан немесе қоздырғышты шығарушы сиырлар мен ұсақ малдар.

 

Алматы қаласында жыл сайын тұрғындар арасында иерсиниоз жағдайлары тіркеледі. Иерсениоз инфекциясымен ауырған адамдардың негізгі жұқтыру себебі - жануарлардан алынатын әсіресе пастерленбеген шикі сүт, қаймақ, сүзбе, ірімшік, құрт, май өнімдерін қолданғандықтан. Сонымен қатар жуылмаған көкөністер мен  жемістерді пайдаланғаннан.

 Иерсиниозбен кез келген жаста ауруы мүмкін, бірақ көбінесе 1-3 жастағы балаларда кездеседі. Аурудың инкубациялық кезеңі 1-ден 6 күнге дейін созылады. Иерсиниоз жедел басталып, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну, ұйқысыздық, тамақтың ауыруы, тәбеттің төмендеуі байқалады, Көбінесе іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея сияқты асқазан-ішек жолдарының зақымдану белгілерімен басталады. Дене қызуы кейде 38-40°С дейін көтеріледі. Ауру асқынған жағдайда 2-ші немесе 3-ші аптада жиі байқалады. Оларға аллергиялық экзантема (есекжем, түйіндік эритема), Квинке ісінуі, артрит (негізінен ірі буындар), миокардит, уретрит, конъюнктивит, аппендицит жатады. Иерсиониоз, жоғарыда аталған белгілерден басқа, қан мен нәжістің бактериологиялық зерттеулері негізінде диагноз қойылады. Ауруды асқындырмау үшін, дер кезінде дәрігерге қаралу керек.

 

Алдын алу: Қоғамдық тамақтандыру орындарында санитарлық ережелерді сақтау, яғни тамақ өнімдерін дайындағанда әсіресе көкөністер мен жемістерді және т.б. пісіру технологиясы мен сақталу мерзімі бұзылмауы қажет. Науқастарды және иерсиниозды тасымалдаушыларды дер кезінде анықтау, үй-жайларды дезинфекциялау.

 

Сондықтан Алматы қаласының тұрғындары сатып алынған барлық мал шаруашылығы азық-түліктерін қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізіп, көкөністер мен жемістерді мұқият жуу керек.

 

Листериоз – адамдар мен жануарлардың арасында кеңінен тараған қауіпті жұқпалы ауру. Әдетте оны анықтау өте қиын, себебі бұл аурудың клиникасы тамақ ауыруына (ангинаға) ұқсас,  жіті вирусті инфекция (ЖРВИ), іріңді менингит, қан аурулары сияқты халыққа белгілі ауруларға ұқсас болғандықтан, көбінесе анықталмай жазылып кетеді. Листериозды тек қана зертханалық зерттеу арқылы анықтауға болады. Қазақстанда статистика бойынша 30 пайызға жуық адамдар листерияның тасымалдаушылары болатыны дәлеледенген.

 

Қоғамда тұрғындар листериоздың салдарынан туындайтын аурудан қаншалықты қауіптің барын білмегендіктен, оған көңіл аудармайды. Жоғарыдағы аталған белгілі аурулардан листериоздың айырмашылығы - жүкті әйелдердің түсік тастауына, нәрестенің алғашқы айларында өлі тууына, жүкті әйелдердің баланы шала тууына, листериозбен ауырған нәрестелердің екіден бірінің шетінеп қалуына және 1 жасқа дейінгі туылған балалардың 25 пайызы кемтар болып өсуі (гидроцефалия, мидың қызметінің тоқтауы) себепкер болады, халық арасында балаға көз тиген немесе экологияның әсері деп санайды.

 

Сондықтан, барлық әйелдер бала туатын жасында тамақ ауыруымен (ангинамен) қайталап ауыра берсе, аналық жұмыртқасы мен жатыр мойыншағы асқынғанға және барлық жүкті әйелдер босанғанға дейін және босанғаннан кейін  ауруы тұмауға ұқсас болса, жерік кезінде листериозды анықтау мақсатында міндетті түрде листериозге зертханалық зерттелуі қажет.

 

Табиғатта осы листериоз аурудың жиі кездесетін жануарлардың бірі – кеміргіштер, олардың организмінде ұзақ уақыт бойы листерия сақталады. Олар листерия қоздырғыштарын нәжістерімен (зәрмен, қақпен) қоса сыртқа шығарып, қоршаған ортаны, азық-түлік өнімдерін ластайды. Адамдар мен жануарлар ластанған азық-түлік өнімдерін тұтынған кезде ауруды жұқтырып алады.

 

Листериялардың таралу жолдары - тағам, тұрмыстық қарым-қатынас арқылы, трансмиссивтік жолмен (жәндіктердің шағуы арқылы), нәрестелер іште жатқанда, туу кезінде, нәрестені емізгенде және т.б.

 

Листериоз қоздырғыштары сыртқы ортада аса тұрақты сақталады, азық-түлік өнімдері тоңазытқыштарда сақталса да, олар тіпті көбейе беруге қабілетті.

 

Листериоз инфекциясының жұғу механизмі – фекальды-оральды (кір қол арқылы), сондықтан аурудың алдын алу мақсатында жеке гигиенаны қатаң сақтаған жөн, әсіресе жеміс-жидектерді, көкөністерді мұқият жуу қажет, азық-түлік өнімдерін белгіленбеген ретсіз сауда орындарынан және көшеден сатып алмау қажет.