Кене энцефалитінің алдын алу шаралары

Кене энцефалитінің алдын алу шаралары

Алматы қаласында орман алқаптарын, халықтың жаппай демалатын жерлерін - саябақтарды, скверлерді кенеге қарсы өңдеу жүргізілді. Ағымдағы жылдың 14 мамыры мен 11 маусымы аралығында барлығы 2237,684 га (94,5%) өңделді, оның ішінде орман алқаптары – 2366,56 га (100%) өңделді, оның ішінде орман алқаптары 1904,924 га , сондай – ақ қаланың барлық аудандарындағы қалалық саябақтар мен скверлерде жұмыстар аяқталды – 461,363 га.

 

Кене белсенділігі маусымы басталғаннан бері 2024 жылдың 20 маусымдағы жағдай бойынша 1927 адам кене шағуымен медициналық ұйымдарға жүгінді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде (1944 адам). Тістеген 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 47,2% (911 бала) құрады. Барлығына шұғыл медициналық көмек көрсетілді, көрсеткіштер бойынша кенеге қарсы иммуноглобулин енгізілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап ересектер арасында кене энцефалитінің 1 жағдайы тіркелді.

 

Естеріңізге сала кетейік, rене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек (кене шаққааннан кейін 4 күннен кешіктірмей) медициналық мекемелердің (травматологиялық пункттерге) көмегіне жүгіну керек, онда оларға білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі.

 

 Қалада кене шағудан зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, кене энцефалитіне қарсы иммноглобулин егу төмендегі медициналық ұйымның травмотологиялық пункттерінде жүргізіледі:

1)  Орталық қалалық клиникалық ауруханасы (Жандосов көшесі, 6);

2) Шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасы (Казыбек би көшесі, 96);

3)  №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220);

4) №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, Райымбек даңғылы, 20);

5)  балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы (Манас көшесі, 40).

 

Есіңізде болсын, қауіпсіздік шараларын сақтау, кене шаққан кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну, дер кезінде алдын алу және емдеу аурудың алдын алуға және оның қолайлы нәтижесіне ықпал етеді!