Ағымдағы жылдың 12 маусымында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнеркәсіп, радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің мамндарымен «Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» мәселелері бойынша қалалық семинар өткізілді.
Семинарға аудандық басқармалардың жауапты мамандары, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының қызметкері және «Kcell» АҚ, «Мобайл Телеком - Сервис» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС-ның мамандары қатысты.
Сондай-ақ семинарға қатысушылардың қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.