Адам папилломасы вирусы: берілу жолдары және оның алдын алу

Адам папилломасы вирусы: берілу жолдары және оның алдын алу

АПВ дегеніміз не?

АПВ (адам папилломасы вирусы) - бұл әртурлі ағзалардың (мысалы, жатыр мойнының немесе аногенитальді аумақты), терісне жене шарышты қабыктарына инфекция жұқтыратын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың (сүйел) пайда болуына алып келеді.

 

АПВ-инфекциясы бүкіл әлемде ең көп таралған инфекция болып табылады. Әр адамда АПВ инфекциясын жұқтырудың 80% ықтималдығы бар, яғни 10 ер мен әйелдіі шамамен 8-і өз өмірінің қандай да бір сәтінде бір немесе бірнеше типтегі АПВ инфекциясын жұқтырады, АПВ инфекциясының ен жоғары таралымы 25 жаска дейінгі ерлер мен әйелдерде байқалады.

 

АПВ-ның 200-ден астам типі бар. Әр типтің өз нөмірі бар (нөмір өзінің анықталу тәртібімен беріледі).

 

АПВ-ның жогары онкогенді қауіп типтері ретінде белгілі кемінде 14 тип бар, олар шарышты қабықтар аркылы берледі және жатыр мойны обыры мен обырдың басқа турлерін туғызуы мүмкін. Палилломавирустар жоғары тіндік ерекшелікке ие болады және тернің де шарышты қабыктың да эпителийіне инфекция жұқтырады. АПВ-ның онкогенді қаупі төмен типтері кәдімгі сүйелдердің, табандық сүйелдерінің (табан сүйелдері), гениталий сүйелдерінің пайда болуына немесе сирек жағдайларда тыныс жолдарындағы перилломатоздың ұлғаюына (дауыс бұзылыстарын тудыратын және қайталамалы респираторлық папилпоматоз немесе КРП деп аталатын) алып келуі мүмкін.

 

АПВ-ның әртурлі типтері дененің әр алуан бөліктерін зақымдайды және обыр гениталий сүйелдері немесе тыныс алу жүйесіні ауруларымен қоса, әртурлі ауруларға алып келуі мүмкін.

АПВ-ның кез келген типі туғызған инфекциялардың көпшілігі симптомсыз өтеді және 12-24 ай ішінде өз бетінше элиминацияға ұшырайды.

Алайда, АПВ-ның онкогенді қаупі жоғары типтерінің инфекциясын жұқтырған 10 жағдайдың 1-уінде инфекция персистирленуі және созылмалы түрге ұласуы мүмкін. Обыр алдындағы өзгерістер одан әрі дамуы мүмкін. Егер осындай өзгерістер жатыр мойнынан анықталса, оларды цервикальді эпителийішілік неоплазия (CIN) деп атайды. Егер обыр алдындағы өзгерістер анықталмаса және емделіп жазылмаған болса, олар обырға дейін дамуы мүмкін. Бұл процесс, адетте, 15-20 жылға созылады,

АПВ калай таралады?

АПВ жұқтырған адамнан организмнің инфекция тускен терісімен, шарышты қабьктарымен немесе сұйыктыктарымен тікелей жанасу арқылы беріледі.

АПВ вирусы адамнан адамға мынадай жолдар арқылы беріледі:

1) Тұрмыстық жанасу жолы арқылы.

АПВ қол алысу, сүйсу арқылы, терідегі зақымдар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан коғамдық орындарға - сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханапарға, бассейндерге барганда ұқыпты болганыңыз дұрыс.

2) Жыныс жолы арқылы.

Вирустардың онкогенді типтері жыныс аркылы берілгенде гениталийде орналасатын сүйелерді тудырады.

3) Босанған кезде тікелей берілу жолмен.

Вирус анадан сәбиге босану кезінде беріледі. Сүйелдер көбінесе бөбектерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

4) Өзіне-өзі жұқтыру жолымен.

АПВ қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші жеріне жиі ауысады.

 

АПВ-ны алдын алу

АПВ инфекциясы - ең көп таралған инфекция, таралуы-тұрмыстық, жыныстық, тікелей жолмен беріледі. Әр адамның АПВ-ны жұқтыру ықтималдығы 80%-ды құрайды, яғни 10 ер мен әйелдің шамамен 8-і өмірінің  белгілі бір кезенінде АПВ-ның бір немесе бірнеше типтерін жұқтырады. АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны обырының даму қаупін азайтады.

 

Препараттың нұсқауларына сәйкес төрт валентті вакцинаның белсенді заттары: рекомбинантты антигендер:  L1- адам палилломавирусының ақуызы мынадай арақатынаста: 6 тип (20 мкг), 13 тип (40 мкг),16 тип (40 мкг), 18 тип (20 мкг).

 

Антигендер - бұл вирустың жеке ақуыздары, олар макрофагтар мен дендритті жасушалармен тікелей инъекция орнында сіңіріледі, нәтижесінде вирусқа қарсы иммунитет пайда болады. Вакцинаның белсенділігі жойылған, сондықтан оның құрамында тірі вирус жок және биологиялық себептерге байланысты кәтерлі ісік тудыруы мүмкін eмec.