30 сәуірде 2024 жылға арналған жұмыс жоспарға сәйкес, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімімен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша семинар өткізілді.
Семинарға аудандық басқармалардың қызметті жоспарлау және талдау бөлімдері жауапты қызметкерлері қатысып, олармен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс бойынша мәселелер талқыланды.
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі басшысы Мейірхан Мухамедиев жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мониторинг жүргізу, талдау жасау, сол талдау нәтижесінде азаматтардың ең көп шағымданатын мәселелерін жүйелі түрде шешу жолдарын түсіндірді.
Сондай-ақ, Мейірхан Нұрақынұлы Департамент басшысымен айқындалған өтініштерді қарауда бұзушылыққа нөлдік төзімділік принципі, азаматтардың өтініштерін әуре-сарсаңға салмау бойынша бірқатар ұсынымдар берді.
Бұдан бөлек, ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің бас маманы Аяулым Оқасқызы Толыбаева семинарға қатысушыларға жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есептілікті тапсыру ретін кеңінен түсіндірді.