Газдалған тәтті сусындарды тұтыну туралы не білу керек?

Газдалған тәтті сусындарды тұтыну туралы не білу керек?

Газдалған сусындардың денсаулыққа зиянды екенін барлығы біледі. Газдалған су — бұл сусынның жақсы сақталуы үшін консервант ретінде қолданылатын көмірқышқыл газымен қаныққан минералды немесе хош иісті тәттілендірілген судан жасалған алкогольсіз сусын. Газдалған сусындардың құрамы сыртқа жапсырмаларда көрсетілген және тұтынушы үшін құпия емес – бояғыштар, химиялық қоспалар, тұрақтандырғыштар, қышқылдар, консерванттар, көмірқышқыл газы және су. Көбінесе адамдар осы дәмді, тәтті сусындарды шамадан тыс тұтынудың салдары неге әкеліп соғатынын толық түсінбейді. Қанттың қауіптілігі – оның мөлшерінде, сондықтан бір стакан сусынның құрамында 5 ас қасық қант бар. Газдалған сусынды үнемі және шамадан тыс тұтыну салмақ пен семіздікке әкелетіні дәлелденді. Мұның себебі – дәмді және тәтті болу үшін сусындарға қосылатын қанттың шамадан тыс көп болуы. Тәтті газдалған сусындарды ұнататындарға семіздік қана емес, қант диабетінің дамуы да қауіп төндіруі мүмкін.

Газдалған сусынды үнемі тұтынудың әсері тіс эмалын ерітеді, бұл кариестің дамуына әкеледі, гастрит, уролития және бүйрек коликасын тудырады. Газдалған сусындар тек балаларға ғана емес, сонымен қатар бала емізетін және жүкті әйелдерге де тұтынуға болмайды. Үйде жеміс жидектерден компот пен сусындар дайындап немесе газсыз артезиан суын ішкен дұрыс.

Өз денсаулығыңызды, сондай-ақ балалар мен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз.