№44 кітапхана қорына денсаулық сақтау саласының кітаптары табыс етілді

№44 кітапхана қорына денсаулық сақтау саласының кітаптары табыс етілді

Бүгін 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының 44 кітапханасына денсаулық сақтау бойынша кітаптар табыс етілді.

Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлының атынан ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Мухамедиев кітапхана қорына Талғат Әшірұлы Момыновтың, Еркін Ермекұлы Дүрімбетовтің және т.б. денсаулық сақтау саласындағы ардагерлердің еңбектерін табыс етіп, кітапхана қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Кітапхана әкімшілігі бұған дейін кітапхана қорында денсаулық сақтау бойынша еңбектер болмағанын атап өтіп, Департаментке шын ризашылығын білдірді.