Сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормалары бұзушылығының алдын алу бойынша жұмыс кеңесі өткізілді

Сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормалары бұзушылығының алдын алу бойынша жұмыс кеңесі өткізілді

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының төрағалығымен сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормалары бұзушылығының алдын алу бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

Жұмыс кеңесіне аудандық басқармалардың, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысып, Әдеп жөніндегі уәкіл Гаухар Сұлтанқызы Каткенова күн тәртібі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндама жасады.

Бұдан бөлек, documentolog бағдарламасы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тестілеу, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауаптылығы бойынша мониторинг, анонимді сауалнама нәтижелері талқыланды.

Қасымхан Алпысбайұлы жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша аудандық басқармалар мен жауап қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар нақты хаттамалық тапсырмалар берді.