Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Ішкі конкурс нәтижесі бойынша Департамент басшысының бұйрығымен Жетісу ауданы басқармасының басшысы болып Дархан Алдоңғарұлы Сисенов тағайындалды.

Дархан Алдоңғарұлының білімі жоғары, 1998 жылдан бері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет етіп келеді, әр жылдары Бостандық, Наурызбай, Медеу аудандарының аумақтық басқармалары басшыларының орынбасары болып істеген, соңғы жылдары Алатау ауданының аумақтық басқармасын басқарған.

Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы жаңа тағайындалған Басқарма басшысының алдына бірқатар міндеттер қойып, жұмысына сәттілік тіледі.

Бұдан бөлек, Қасымхан Алпысбайұлы Жетісу ауданының әкімі Гүлнәр Ахметжанқызы Көкебаевамен кездесіп, Жетісу ауданы басқармасының жаңа басшысын таныстырып, басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

 

Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі