Профессор Талғат Әшірұлы Момыновпен кездесу өтті

Профессор Талғат Әшірұлы Момыновпен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Касымхан Алпысбайулының бастамасымен академик, профессор Талғат Әшірұлы Момыновпен кездесу ұйымдастырылды.

Департамент басшылығы, бөлім басшылары, республикалық және қалалық маңызы бар денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері, аудандық басқарма басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Талғат Әшірұлы кездесуде өзінің үлкен еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесі туралы айтып, фтизиатрия, пульмонология, жұқпалы аурулар, молекулалық биология және адам генетикасы, денсаулық сақтау және медициналық білім беру бойынша еңбектерімен бөлістң.

Кездесу соңында қаладағы инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша сындарлы пікір алмасу өтті. Кездесуге қатысушылар автордан сыйлық ретінде микробқа қарсы препараттардың фармакологиясы, венерология бойынша қазақ және орыс тілдерінде 200-ден аса кітаптар алды.

Ақпарат ретінде: Талғат Әшірұлы Момынов 1995 – 2008 жылдары С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін басқарған, қазіргі таңда еліміздегі түрлі бағыттардағы ірі медициналық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады.