Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптамалық комиссиясының сапары

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптамалық комиссиясының сапары

Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (IAAR) сыртқы сараптау комиссиясының өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша тәжірибе базасы ретінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде (бұдан әрі - Департамент) болды.

Комиссия құрамында IAAR сыртқы сараптау комиссиясының төрағасы Богомолова Е.С, IAAR эксперті Исмаилова А.А, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Кожекенова Ж.А. және өндірістік практикаға жауапты лектор Кусайынова Э.И. болды.

Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары Ә.Т. Қалықова мен комиссия өкілдері ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады