Қызылша турады не білу керек?

Қызылша турады не білу керек?

Қызылша– бұл ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын құрамында РНҚ вирусы бар жедел респираторлық жоғары жұқпалы вирустық ауру.

Ауру науқас адамнан сау адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарынан тамшылармен немесе жұқтырған адамдардың мұрнынан немесе тамағынан секрециялармен тікелей байланыста болғанда жұғады.

Қызылшаны жұқтырған адам инкубациялық кезең аяқталғанға дейін 2 күн бұрын (яғни алғашқы клиникалық белгілер пайда болғанға дейін) басқаларға жұқпалы болады және бөртпе пайда болғаннан кейін 5 күн ішінде (пневмония болған жағдайда 10 күнге дейін) басқаларға жұқпалы болып қалады.

Қызылша – адамдар үшін аса контагиозды жұқпалардың бірі, өйткені инфекция көзімен жақын қарым-қатынаста болғаннан кейін қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдардың 90%-дан астамы ауырады.
Қызылшаны жұқтыруды, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал тек вакцинация болып табылады. Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация 2 рет, біріншісі – 1 жаста (12-15 ай), екіншісі – 6 жаста жүргізіледі, бұл вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта қалада ҚҚП вакцинасы жеткілікті мөлшерде бар.

Екпелерді жүргізу үшін ДДҰ сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қаланың емханаларының барлық егу кабинеттерінде тегін жүргізіледі.

Оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары қызылшаны жұқпалы және қызылша инфекциясынан кейінгі ықтимал асқынуларымен қауіпті екенін еске салады. Аурудың ауыр ағымында асқынулар дамиды, мысалы, ортаңғы құлақтың, өкпенің, трахеяның, бронхтың қабынуы, сондай-ақ мидың қабынуы. Көбінесе асқынулар бес жасқа дейінгі балаларда немесе 30 жастан асқан ересектерде дамиды. Ең ауыр асқынуларға соқырлық, энцефалит (мидың ісінуіне әкелетін инфекция), ауыр диарея және онымен байланысты дегидратация, құлақ инфекциясы (отит) және пневмония сияқты ауыр тыныс жолдарының инфекциялары жатады.

Қызылшаға қарсы вакцинация – қызылшаны жұқтыруды, сондай-ақ оның асқынуын болдырмайтын жалғыз тиімді құрал.
Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеді!