Көкжөтел: белгілері және алдын алу шаралары

Көкжөтел: белгілері және алдын алу шаралары

Көкжөтел – бұл Bordetella pertussis таяқшасынан туындаған, интоксикация көріністерімен сипатталатын, өзіне тән қалшылдаған жөтел «реприздермен» және құсу ұстамалары болатын, жоғарғы тыныс алу жолдарының катаральдық көріністерімен қоса жүретін жіті респираторлық бактериялық инфекция.

 

Көкжөтелдің қоздырғышы ауа-тамшы жолы арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, науқас сөйлескенде таралады.

 

Аурудың көзі – науқас адам, бактерятасымалдаушы.

 

Көкжөтел белгілері

Көкжөтел әсіресе өмірдің алғашқы айларындағы балаларға қыйындық туғызады. Аурудың алғашында  науқаста  қарапайым суық тиюдің белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, дене қызуының жоғарылауы, қалыпты жөтел. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстамалы, бірнеше рет қайталатын жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел ұстамалары кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегінің жеткізіліксіздігі, нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі пайда болуы ықтыймал.

 

Асқынулар

Көкжөтел өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты асқынулармен қауіпті.

 

Көкжөтелдің алдын алу

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті көкжөтелден қорғанудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі вакцинация екенін еске салады.

Жоспарлы түрде көкжөтелге қарсы егу  2, 3, 4 және 18 айлық жастағы балаларға көкжөтелге, дифтерияға, сіреспеге, «В» гепатитіне, гемофильді инфекцияға және полиомиелитке қарсы бір мезгілде біріктірілген  вакцинамен жүргізіледі. Болашақта 6 жастағы балалар АбКДС бустерлік  дозасымен егіледі.

Көкжөтелмен ауырып сауыққан балалар жас ерекшелігіне сәйкес Ұлттық күнтізбеге сәйкес  профилактикалық егуді жүргізу мерзімінде егіледі.

 

Аурудың белгілері пайда болған кезде эпидемиологтар мыналарды ұсынады:

- уақтылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдеумен айланыспау, тек дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдау;

- бөлмені жиі желдетіп, дымқыл тазалау жүргізу, балалардың ойыншықтарын шуып-шаю;

- жөтелген кезде аузыңызды жабыңыз, қолыңызды жиі жуыңыз, егер науқас қорғалмаған адамдардың ортасында болса, онда маска кию керек;

- ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектептер мен бала - бақшаларға және т. б. көпшілік баратын орындарға жібермеу ұсынылады.

 

Вакцинация аурудан қорғаудың ең тиімді тәсілі, балаларыңызға уақытында екпе жасатыңыздар!

Есіңізде болсын, ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған дұрыс!