Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілімен 2023 жылда келесі жұмыстар атқарылды:
- қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасына бағытталған іс-шаралардан тұратын 2023 жылға арналған жұмыс жоспары әзірленді және ресми сайттан мемлекеттік қызметшінің әдебі туралы арнайы бөлім ашылды;
- аудандық басқармаларда заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинарлар жүргізілді;
- 168 мемлекеттік қызметшінің қатысуымен анонимді сауалнама жүргізілді;
- 8 жеке қабылдау жүргізілді (оның ішінде 2 қабылдауда мемлекеттік қызметшілерге кеңес берілді);
- Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереженің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, 2 мемлекеттік қызметші мемлекеттік және кәсіби мерекелер қарсаңында марапатталды;
- қызметке еңбегі сіңген тұлғалар және тәлімгерлік туралы ресми сайт пен әлеуметтік желілерге материалдар жарияланды;
- тікелей эфир, спартакиада, тренинг, жұмыс кеңесі және т.б. сол сияқты Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысына қатысты 12 іс-шараға ат салысып, қатысты;
- қызметкерлерге арналған Д.А. Қонаевтың мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі