Азық-түлік таңбалауының маңыздылығы мен ерекшелігі

Азық-түлік таңбалауының маңыздылығы мен ерекшелігі

Бүгінгі таңда өнімдерді таңбалау өндіріс процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Таңбалау дегеніміз - белгілі бір өнімге қатысты тауарлар мен қызметтерге арналған сипаттамалар, суреттер және символдар. Таңбалау ыдысқа, буып-түю материалына, затбелгіге, жапсырмаларға, стикерлерге және қаптаманың басқа элементтеріне орналастырылуы мүмкін.

 

Таңбалау тұтынушыны тауар, өнім туралы ақпараттандырудың негізгі әдісі болып табылады. Таңбалаудың арқасында сатып алушылар тамақ өнімдерінің құрамы, жарамдылық мерзімі, өндіруші және т.б. туралы біледі. Таңбалауға қойылатын талаптар қолданыстағы заңнамамен және тиісті нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі.Бұйымдарды таңбалауда көрсетілген мәліметтер тауардың ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Әдетте, бұйымдарды таңбалау өнімнің нақты атауы және оны жасаушы, бұйымның мақсаты немесе пайдалану аймағы, өнімнің негізгі сипаттамалары мен қасиеттері, қауіпсіз және тиімді пайдаланудың қажетті шарттары мен ережелері сияқты деректерді қамтиды.

 

Қате таңбалау өнім өндірушісі үшін бірқатар жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Бұл таңбалауды түзету, өнімнің айналымына уақытша тыйым салу, айыппұлдар және сәйкес келмейтін тауарға немесе өнімге байланысты келтірілген шығындарды өтеу талаптары болуы мүмкін.

 

Бірақ таңбалаудағы ең бастысы және маңызды ақпарат - бұл өнімнің жарамдылық мерзімін көрсету. Сақтау мерзімі қысқа азық-түліктерде күні мен айы, орташа мерзіммен - айы, ұзақ мерзіммен - тек жылы көрсетіледі. Әрбір тұтынушы өнімнің таңбалауында оның жасалған күні мен жарамдылық мерзімінің болмауы бұзушылық екенін білуі керек, бұл жағдайда өнім туралы барлық мәліметтер көрсетілген басқа өндірушінің өнімдерін сатып алуға артықшылық берген дұрыс. Не сатушыдан тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауарға ілеспе құжаттарды ұсынуды сұрау, онда өндіруші міндетті түрде өнімнің дайындалған уақыты мен күнін, сақтау температурасы мен жарамдылық мерзімін көрсетеді.

 

Тек тексерілген және қауіпсіз өнімдерді пайдаланыңыз, денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз.