Ботулизм — бұл Clostridium botulini токсинінен туындаған жедел жұқпалы ауру, ол дененің жүйке жүйесіне әсер етеді.
Ауру вегетативті формалардың дамуы мен өсуіне және токсиннің пайда болуына қолайлы жағдайлар болған өнімдерді тұтыну, оттегі мен жеткілікті термиялық өңдеудің болмауы кезінде, әсіресе, бұл консервіленген азық-түліктер үйде дұрыс дайындалмаған болса, көкөніс, ет және балық тағамдарынан пайда болады.
Ботулинотоксин ең қатты улы биологиялық заттарға жатады. Қазіргі уақытта үйде консервілеудің таралуына байланысты ауру жағдайлары жиі кездеседі.
Ботулизмнің алғашқы белгілері — қатты шаршау, әлсіздік және бас айналу, содан кейін көру қабілетінің нашарлауы, қабақтың төмен түсуі, ауыздың құрғауы, жұтылу және сөйлеудің қиындауы. Диарея, құсу, іш қату және кебулер де байқалады. Ауру дамыған сайын қимыл қозғалыс үйлестірудің (қозғалыстың) бұзылуы пайда болуы мүмкін – тәлтіректеп басу.
Ботулизмнің негізгі емі - токсиннің әсерін бейтараптандыру, яғни ботулинге қарсы сарысуды енгізу. Осыған байланысты, егер ботулизм белгілері байқалса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек
Үй жағдайында ботулизмнің алдын алу мақсатында санитариялық дәрігерлер келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
- түрі ескірген және түбінде тұнбасы бар қампайған банкаларды тамаққа қолдануға болмайды.
2023 жылы қалада ботулизмнің 5 жағдайы тіркелді, зардап шеккендердің саны - 5. Аурудың себептері болған өнімдер: үй жағдайында консервіленген және маринадталған көкөністер. Барлық ошақтарда профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Аудан мамандары Алматы қаласының тұрғындары арасында «Ботулизмнің алдын алу» бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.