Ағымдағы жылдың 3 қаңтарында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Қасымхан Алпысбайұлы Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Ішкі конкурс нәтижесі бойынша Департамент басшысының бұйрығымен Түрксіб ауданы басқармасының басшысы болып Анель Берікбайқызы Мұсаева тағайындалды.
Анель Берікбайқызының білімі жоғары, 2003 жылдан бері санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде қызмет етіп келеді, Наурызбай, Алмалы аудандарының аумақтық басқармаларын басқарған.
Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы жаңа тағайындалған Басқарма басшысының алдына бірқатар міндеттер қойып, жұмысына сәттілік тіледі.