Құрметті достар!
Былтыр Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 қараша - Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні болып бекітілген болатын.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы барлық IT саласындағы мамандарды бүгінгі кәсіби мереке - Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қажырлы еңбектеріңізге табыс, өздеріңізге денсаулық тілейміз! Еліміздің цифрлық болашағы тек дами берсін!
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі