Листериоз – адамдар мен жануарларда кеңінен тараған қауіпті жұқпалы ауру. Әдетте оны анықтау өте қиын, оны тану өте қиын және көбінесе ангина, жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ), іріңді менингит, қан аурулары сияқты кең таралған аурулардың маскасының астында жасырылуы мүмкін. Листериозды тек қана зертханалық зерттеу арқылы растауға болады.
Қоғам арасында тұрғындар листериоздың салдарынан туындайтын аурудан қаншалықты қауіптің барын білмегендіктен, оған онша көңіл аудармайды. Жоғарыдағы аталған белгілі аурулардан листериоздың айырмашылығы – жүкті әйелдердің өздігінен пайда болатын іштен бала алдыру (түсік тастауы, баланы алғашқы айларында өлі тууы) жүкті әйелдердің баланы шала тууы, листериозбен ауырған балалардың екіден бірінің шетінеуі және 1 жасқа дейінгі туылған балалардың 25 пайызы кемтар болып өсуі (гидроцефалия, мидың өшуі) халық арасында балаға көз тигеннен немесе экологияның әсерінен деп ойлайды.
Сондықтан барлық бала туатын жасындағы әйелдер ангинамен қайталап ауырса, аналық жұмыртқасы мен жатыр мойыншағы асқынғанда және барлық жүкті әйелдер босанғанға дейін және босанғаннан кейін ауруы тұмауға ұқсас болса, ангинамен ауырғанда, жерік кезінде листериозды анықтауға мінтетті түрде сараптамаларын зертханалық зерттеуге өткізуі қажет.
Қазақстанда статистика бойынша 30 пайызға жуық адамдар листерияның тасымалдаушылары болып табылады.
Табиғатта аурудың жиі кездесетін жануарлардың бірі – кеміргіштер, олар ағзаларында ұзақ уақыт бойы листерияны сақтайды. Олар листерия қоздырғыштарын нәжістерімен қоса сыртқа шығарып, қоршаған ортаны, азық-түлік өнімдерін ластайды. Адамдар мен жануарлар ластанған азық-түлік өнімдерін тұтыну арқылы ауруды жұқтырады. Инфекциялардың таралу жолдары мен кезеңдері – тағам, тұрмыстық қарым-қатынас арқылы, трансмиссивтік жолмен (жәндіктердің шағуы арқылы), туу кезінде, нәрестені емізгенде және т.б.
Листериоз қоздырғыштары сыртқы ортада аса тұрақты сақталады, азық-түлік өнімдері тоңазытқыштарда сақталса да, олар тіпті көбейе беру қабілетіне ие.
Инфекцияның тарау механизмі – фекальды-оральды (кір қол арқылы), сондықтан аурудың алдын алу мақсатында Алматы қаласының эпидемиологтары келесіні ұсынады:
- жеке гигиенаны қатаң сақтаған жөн;
- жеміс-жидектерді, көкөністерді сапал жуу;
- сатып алынған мал шаруашылығы өнімдеріне термиялық өңдеуді жүргізу;
- азық-түлік өнімдерін белгіленбеген ретсіз сауда орындарынан және көшеден сатып алмау қажет.