Ағымдағы жылдың 7 қазанында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен Түрксіб ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жауапты мамандарымен, сондай-ақ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалының мамандарымен бірлесіп, Жұлдыз-1 шағын ауданындағы жәрмеңкеде тұтынушылар арасында «Қауіпсіз өнімді таңдаңыз» тақырыбында науқан өткізілді.
Науқанда эксресс-әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізу ұйымдастырылып, сондай-ақ тұтынушылардың сұраныстары бойынша тағам өнімдеріндегі ДНҚ, ГМА, антибиотиктерді анықтау үшін сынмалар алынды.
Барлығы 75 сынама алынды, оның ішінде бактериологиялық зерттеулерге (ДНҚ, ГМО, антибиотиктер) – 42, санитариялық-химиялық зерттеулер үшін (пестицидтер мен нитраттардың құрамы) – 33.
Сонымен қатар, тұтынушылар арасында тамақтан уланудың және жіті ішек инфекциясының алдын алу мақсатында түсіндірме әңгімелер жүргізілді.