Балалардың мектепте болған кезінде ыстық тамақтануы олардың денсаулығын сақтаудың және тиімді оқу қабілетінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Мектептегі тамақтануды жақсы ұйымдастыру балалардың денсаулық деңгейі көрсеткішінің жақсаруына бірден бір фактор болып табылады.
«Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талапта» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес білім беру объектілерінің асханаларында мыналарды дайындауға және өткізуге жол берілмейді, олардың ішінде негізгілері:
- қатық, сүзбе, айранды;
- туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді;
- кремі бар кондитерлік өнімдерді; тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда және балалар үйлерінде – қалуа, мармелад, пастила) морстар, квастарды;
- шыжып тұрған майда қуырылған өнімдерді; шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны; күрделі (төрт компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы; саңырауқұлақтарды;
- тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды;газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (қаптамаланған минералды және ауыз суды қоспағанда);
- фаст-фудтар: гамбургерлер, ход-догтар, пиццалар, наггетстер, чипсілер (чипсондар), дәмдік қоспалары бар тұздалған қытырлақ нанды; ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша).
2) пайдалануға жол берілмейтін тағамдар:
- пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты;
- йодталмаған тұзды және құрамында темір бар дәрумендермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұны.
Сондай ақ, тамақтандыруды объектілерінде:
- техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін;
- сапасыздықтың айқын белгілері бар (бүліну, ыдырау, ластану);
- қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттамасы, өнімнің қауіпсіздігін растайтын, оның ішінде техникалық регламенттерде көзделген сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттары жоқ;
- белгіленген жарамдылық мерзімі жоқ немесе жарамдылық мерзімі өткен;
- таңбалануы жоқ немесе таңбалауда сақтау шарттары жоқ немесе сақтау шарттары таңбалауда және (немесе) тауарға ілеспе құжаттамада көрсетілгендерге, оны сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимдеріне сәйкес келмейтін;
- ветеринариялық сәйкестендіру белгілері жоқ (заңда осындай бірдейлендіру көзделетін ұшалардағы, жартылай ұшалардағы, ширек ұшалардағы етке, жануарларды сою өнімдеріне арналған таңба);
- тамақ өнімдерімен жанасуға арналмаған, ашылған, герметикалығы бұзылған, бүлінген, ластанған қаптамадағы;
- өнеркәсіпте емес (үйде) дайындалған, жылумен және (немесе) өзге де өңдеуге ұшыраған тамақ өнімі болып табылатын;
- санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың, оның ішінде оны адам денсаулығы мен өмір сүру ортасы үшін қауіпті деп тану кезінде пайда болу және таралу қатерін тудыратын;
- тасымалдау (сақтау) шарттары мен режимі бұзылған тамақ өнімдерін қабылдауға, пайдалануға (қолдануға), сақтауға, тасымалдауға және өндіруге;
- ластанған және (немесе) қабығы зақымдалған жұмыртқаларды, сондай-ақ сальмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылықтардан алынған жұмыртқаларды; суда жүзетін құстардың жұмыртқаларын және олардан тағам дайындау;
- ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі бойынша қолайсыз, сондай-ақ бастапқы өңдеуден және пастерлеуден өтпеген шаруашылықтардан алынған сүт және сүт өнімдерін;
- пастерленбеген сүттен жасалған сүзбені;
- өнеркәсіптік емес (үйде дайындалған) дайындалған герметикалық қаптамадағы көкөніс, ет, балық, саңырауқұлақ консервілерін, сондай-ақ банкалардың герметикалығы бұзылған консервілерін, бомбаждау, «хлопуши», тот басқан, пішіні бұзылған банкаларды;
- түрлі қоспалармен ластанған немесе нан қорларының зиянкестерімен залалданған жарманы, ұнды, кептірілген жемістерді қабылдауға, пайдалануға(қолдануға), сақтауға, тасымалдауға және өндіруге жол берілмейді.
Оқушылардың денсаулығын сақтау, жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың алдын алу мақсатында мектеп асханаларын жалға алушылар мен қызметкерлері жоғарыда аталған санитариялық қағидалардың талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті, ал мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері оқушылардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыруға тиісті бақылауды қамтамасыз етуі керек.