Студенттік жатақханаларға қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Студенттік жатақханаларға қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығында студенттік жатақханаларда (бұдан әрі- объект) санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленген, оның ішінде:
- үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға;
- тұру жағдайларына;
- медициналық қамтамасыз етуге, сонымен қатар, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде.

Сонымен, объектілердің үй-жайларын жөндеуге және күтіп-ұстауға қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
- объектінің шаруашылық аймағында тығыз жабылатын қақпақтармен жабдықталған қоқыс жинағыштар үш жағынан қоршалған тазалау және дезинфекциялау үшін қолжетімді, су өткізбейтін төсемі бар алаңға орнатылады. Қоқыс жинағыштар (контейнерлер) тазаланады, жуылады және дезинфекцияланады;
- жыл сайын объектіде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі;
- объектілер жұмыс істеп тұрған кезде авариялық жағдайларды жою жұмыстарын қоспағанда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының түрлерін жүргізуге жол берілмейді;
- барлық үй жайлардың төбелері мен қабырғалары тегіс, саңылаусыз, жарықшағы жоқ, бүлінбеген, грибоктармен зақымдану белгілерінсіз болуы тиіс;
- қалыпты режимде пайдаланылатын үй-жайлардағы қабырғалардың, еденнің, жабдықтың беті ылғалды тәсілмен жинауға жол беретіндей тегіс, күңгірт болады;
- терезе әйнектері, электр шамдардың плафондары және сыртқа тартып желдету жүйесінің жалюзді торлары таза ұсталады;
- желдету үшін ашылатын терезелерге, форточкаларға, фрамугаларға москит торлары орнатылады;
- барлық үй-жайлар таза ұсталады. Жинау жүргізу үшін нормалау құжаттарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген жуу, дезинфекциялау құралдары пайдаланылады;

Объектілерде тұру жағдайларына қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
- жатақханаларда 1 адамға кемінде 6 м2 аудан көзделеді;
- үй-жайлар олардың функционалдық мақсаттарына сәйкес жиһазбен жабдықталады. Төсек-орын жабдықтары, жаңа және ескі киімдер мен аяқ киімдер, қатты мүкәммал қорларын сақтау үшін қойма үй-жайлары көзделеді;
- төсек-орын жабдықтарын, орамалдарды ауыстыру ластануына қарай, бірақ аптасына бір реттен сиретпей жүргізіледі. Төсек-орын жабдықтары жылына кемінде бір рет камералы дезинфекциялауға жатады;
- бір жатын орынға кемінде үш төсек-орын жабдығының болуы көзделеді;
- кір жуу объектінің кір жуатын орнында жүзеге асырылады, таза және лас киім-кешектің қарама-қарсы ағыны болмайды;
- жатақханаларда 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қол жуатын раковина және 1 унитаз орнатылады; Әйелдердің жеке гигиенасы кабинасы 50 адамға шаққанда 1 кабина есебінен көзделеді және унитазбен, бидемен, себезгімен және қол жуатын раковинамен жабдықталады.

Медициналық қамтамасыз етуге, сонымен қатар, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде негізгі талаптар:
- объектіде бірінші қабатта изоляторы бар медициналық пункт көзделеді;
- изолятор палаталары өтпелі болмауы тиіс, олардың арасында биіктігі 1,2 м әйнектелген қалқа құрылғысы бар медициналық кабинетпен көрші орналасуы тиіс;
- жатақханаға орналасатын студенттер медициналықтексеріп-қараудан өтеді және денсаулық туралы анықтамаларды тапсырады;
- сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі кезінде Кодекстің 38 және 104-баптарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен жатақханалардың толтырылуына қойылатын шектеулер айқындалады.

Объектілерде жоғарыда аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы студенттердің оқу кезеңінде олардың тұруына және оқуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және студенттер арасында жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуда маңызды шаралардың бірі болып табылады.