Құрметті достар!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымын атынан Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен шын жүректен құттықтауын қабыл алыңыздар!
Тіл - адамдарды, халықтарды жақындастыратын ерекше құрал болғандықтан, біз оны мемлекет бірлігінің, достықтың құралы ретінде жоғары бағалауымыз қажет.
Осы айрықша күннің Алаш арысы, ұлт ұстазы, көрнекті ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі - оның дара тұлғасына көрсеткен құрметтің ең биік белгісі.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің тағдыры үшін тар жол тайғақ кешуден өткен, қазақ әліппесі мен графикасының, құрылымы мен емлесін жазып, ұрпаққа мұра етіп қалдырған ұлы тұлға.
Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік, амандық, ал барлығымызға - Отанымыз үшін табысты болашақ тілейміз.
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі