«Азия Дауысы» музыкалық фестивалі: бұқаралық іс-шаралардағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың маңыздылығы

«Азия Дауысы» музыкалық фестивалі: бұқаралық іс-шаралардағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың маңыздылығы

Ағымдағы жылдың 28-30 шілде аралығында көркем Алматы қаласында орналасқан «Медеу» спорт кешенінде «Азия Дауысы» жарқын музыкалық фестивалі өтті.

Мәдени және ойын-сауық іс-шараларымен бірге тағы бір маңызды процесс өтті - халық көп жиналатын жерлерде тамақтан уланудың алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, аудандық басқармалар және «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы тамақтан уланудың алдын алуға және фестивальге келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше негізгі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізді.

Қоғамдық тамақтандыру қызметтерін тиісті рұқсаттары бар қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырды. Барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай 10 фастфуд шатыры (фуд-корт) орнатылды.

Үш күндік кезекшілік барысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарымен бірлесіп, «HyLite-2» микробиологиялық көрсеткіштеріне, нитраттардың құрамы бойынша, өнімдерді термиялық өңдеу сапасына, ыдыс тазалығының сапасын анықтауға зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізді. Сонымен қатар, қызмет көрсету персоналы ішек және стафилококк инфекцияларын тасымалдауға тексерілді.

2 сынамада (жемістер) нитрат мөлшері және дайын өнімнің 1 сынамасында (сиыр еті қосылған самса) көрсеткіштердің артуы анықталды. Бұл өнімдердің барлық партиясы жойылып, сатудан алынып тасталды.

Сондай-ақ, тамақтануды ұйымдастырушылардың бірінде тамақ өнімдерін сақтау шарттарының бұзылуы анықталды, осыған байланысты барлық өнімдер сатылымнан алынды.

Бұл мысал бұқаралық іс-шараларда қатаң санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Мамандардың дер кезінде жауап беруі мен кәсіби шеберлігінің арқасында фестивальге келушілердің денсаулығына жағымсыз салдарларды болдырмауға мүмкіндік туды. Мұндай іс-шараларды жоспарлау кезінде тамақтану объектілерінің иелері денсаулыққа зиян келтірместен барлық қатысушылардың қауіпсіздігі мен тамаша уақытын өткізуді қамтамасыз ету үшін қауіпсіз тамақтану мәселелеріне және санитариялық талаптар мен нормаларды сақтауға ерекше назар аударуы керек.