Денсаулық сақтау саласында кәсіби кадрларды даярлауда Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) студенттерді өндірістік-практикадан өткізу арқылы өз ықпалын тигізуде.
Бүгінде Департамент Алматы қаласында орналасқан медициналық оқу орындарымен тығыз байланыста. Мысалға 2022 жылы Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен, ал 2023 жылдың басында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен меморандумға қол қойды.
Осы жұмыстардың арқасында Департаментте және аудандық басқармаларда өндірістік-практикадан 2022 жылы 30 студент өтсе, 2023 жылдың басынан бері 166 студент өтуде.
Студенттер келесі оқу орындарының түлектері болып табылады:
- С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті;
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- Қазақстан-Ресей медицина университеті;
- Республикалық жоғары медициналық колледжі.
Өндірістік-практика барысында студенттерге тәжірибелі мамандар тәлімгер болып бекітіліп, оларға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің бағыттарын жан-жақты үйретеді.
Өндірістік-практиканы сәтті аяқтап, Департаментке және аудандық басқармаларға жұмысқа тұрып, еңбек жолын әрі қарай жалғастырып жататын студенттерде болып жатады.
Жалпы денсаулық сақтау саласында кәсіби кадрларды даярлау, оқу орындарымен іс-қимыл, студенттердің өндірістік-практикадан өту мәселелері Департамент басшысының ерекше назарында.