
Шағын жинақталған мектеп ( бұдан әрі - ШЖМ) – білім алушылар контингенті аз (5 баладан бастап), біріккен сынып-жиындары бар және оқу сабақтарын ұйымдастыру нысаны ерекше жалпы білім беру мектебі.
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына сәйкес білім беру объектілеріне, оның ішінде ШЖМ-ді орналастыруға келесі талаптар белгіленген:
- ШЖМ жеке тұрған ғимаратта немесе бірнеше жекелеген ғимараттарда бейімделген ғимараттарда, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда пайдалануға жол беріледі;
- көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында пайдаланылатын ШЖМ тұрғын үйдің кіреберісімен қосылмаған бөлек есігі болуы тиіс;
- ШЖМ-ді тұрғын үй ғимараттарында, ішіне-жапсарлас салынған үй-жайларда орналастыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен айқындалады.
Мәселен, ҚР 3.02-111-2012 «Жалпы білім беру ұйымдары» ережелер жинағына сәйкес 300-ге дейін білім алушыларға ШЖМ үй-жайларын орналастыруға, құрамына және алаңдарына қойылатын талаптар белгіленген:
- ғимараттар 4 қабаттан аспауы керек, ал сейсмикалық аудандарда 3 қабаттан аспауы керек;
- көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінші және (немесе) екінші қабаттарында, жеке үй-жайларда, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайларда орналастырылатын жалпы білім беру ұйымдарында білім алушылардың сыйымдылығы 300-ден аспауы тиіс;
- жалпы білім беру ұйымдарын көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінші және (немесе) екінші қабаттарында, жеке үй иеліктерінде, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайларда 300 орынға дейін орналастыру кезінде негізгі аймақтар алаңының болмауына жол беріледі, бұл ретте кіреберіс жағынан іргелес учаскеде биіктігі кемінде 1,2 метр қоршау (өткір ұштары жоқ аяқтау элементтері) болуы тиіс;
- химия және биология кабинеттерін, сондай-ақ физика және астрономия кабинеттерін біріктіруге рұқсат етіледі. Олардың саны бір кабинет бойынша қабылданады;
- дене шынықтыру сабақтары үшін гимнастика залын оқу-спорт залымен біріктіруге рұқсат етіледі;
- медициналық қызмет көрсету үй - жайларының құрамы мен ауданы: дәрігер кабинеті (медициналық бөлме) - 12 м2; емшара бөлмесі - 12 м2 болуы қажет;
- асхана (буфет) үй-жайларының құрамы аймақтарға бөлінген үй-жайлардың қысқартылған жиынтығына жол беріледі, яғни ас блогының технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыруға арналған аймақ; тамақ ішуге арналған аймақ, қойма, қызметшілерге арналған үй-жай, қол жуғышы бар дәретхана.
Кәсіпкерлік субъектілері мен заңды тұлғалардың ШЖМ орналастыру кезінде көрсетілген негізгі талаптарды сақтауы оқушыларды оқыту, тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ жақын маңдағы аумақ тұрғындарының тыныш тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасаудың кепілі болып табылады.