Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау

Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау

Құрметті дәрігерлер, медбикелер, денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар және ұлы кәсіппен айналысатындардың бәрі, қымбатты достар!

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы сіздерді келе жатқаг кәсіби мереке - Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер адамдардың өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасап, ең маңызды миссияны орындайсыздар. Бұл мереке әрқашан сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің қаншалықты маңызды және баға жетпес екенін еске салады.

Осы мереке күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, табыс тілейміз!

 

Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі