Орталық жүйке жүйесі инфекцияларына бассүйекішілік инфекциялар, менингиттер, вентрикулиттер және медициналық көмек көрсетумен байланысты менингитсіз жұлын абсцестері жатады.
Бассүйекішілік инфекцияларды (бас миы абсцесі, субдуральды немесе эпидуральды инфекция, энцефалит) анықтау өлшемшарты пациентте мынадай жағдайлардың бірінің болуы:
1) бас миы немесе қатты ми қабықшасы тінінің үлгілерінде микроорганизмнің бөлінуі;
2) хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистологиялық-патологиялық зерттеу деректерімен расталатын абсцесс немесе бассүйекішілік инфекция белгілері;
3) басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін мыналардың екеуінің: бастың ауыруының, айналуының, қызбаның (380С-тан жоғары), және топиялық неврологиялық белгілердің болуы, сана деңгейінің өзгеруі, шатасуы, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және мынадай кез-келген жағдайлардың болуы болып табылады:
- пункциялау арқылы немесе хирургиялық араласу кезіндегі биопсия немесе аутопсия кезінде алынған бас миы тінінің үлгілерін немесе абсцесс құрамын микроскопиялық зерттеу кезінде патогенді микроорганизмдерді анықтау;
- қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
- инфекция болуын растайтын рентгенологиялық деректер;
- M иммундық-глобулин сыныбындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі және/ немесе қос сарысу үлгілерінде G иммундық-глобулин сыныбындағы антиденелердің патогенге төрт еселік артуы;
4) 12 айға дейінгі жастағы науқаста мыналардың екеуінің: қызбаның (380С-тан жоғары), гипотермияның (370С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, локализацияланған неврологиялық белгілердің сана деңгейінің өзгеруі, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және мынадай кез-келген жағдайлардың болуы болып табылады:
- пункциялау арқылы немесе хирургиялық араласу кезіндегі биопсия немесе аутопсия кезінде алынған бас миы тінінің үлгілерін немесе абсцесс құрамын микроскопиялық зерттеу кезінде патогенді микроорганизмдерді анықтау;
- қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
- M иммундық-глобулин сыныбындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі және/ немесе қос сарысу үлгілерінде G иммундық-глобулин сыныбындағы антиденелердің патогенге төрт еселік артуы.
Менингитті немесе вентрикулитті анықтау өлшемшарты пациентте мынадай жағдайлардың бірінің болуы:
1) жұлын-ми сұйықтығы себіндісінде микроорганизмнің бөлінуі;
2) басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін мыналардың бірінің: қызбаның (380С-тан жоғары), гипотермияның (370С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, мойын бұлшықетінің қаттылығы, менингеальды белгілер, бассүйек-ми жүйкелері жағынан болатын белгілер, ашушаңдық, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және мынадай жағдайлардың бірінің болуы:
- жұлын-ми сұйықтығында лейкоциттер мен ақуыз деңгейлерінің артуы және/немесе глюкоза деңгейінің төмен болуы;
- жұлын-ми сұйықтығы үлгілерін Грам бойынша бояу кезінде патогенді микроорганизмдерді анықтау;
- қан себіндісінде микроорганизмді анықтау;
- жұлын-ми сұйықтығын, қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
- M иммундық-глобулин сыныбындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі және/ немесе қос сарысу үлгілерінде G иммундық-глобулин сыныбындағы антиденелердің патогенге төрт еселік артуы.
3) 12 айға дейінгі жастағы науқаста басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін мыналардың бірінің: қызбаның (380С-тан жоғары), гипотермияның (370С-тан төмен), апноэның, брадикардияның, мойын бұлшықетінің қаттылығы, менингеальды белгілер, бассүйек-ми жүйкелері жағынан болатын белгілер, ашушаңдық, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және мынадай жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:
- жұлын-ми сұйықтығында лейкоциттер мен ақуыз деңгейлерінің артуы және/немесе глюкоза деңгейінің төмен болуы;
- жұлын-ми сұйықтығы үлгілерін Грам бойынша бояу кезінде патогенді микроорганизмдерді анықтау;
- қан себіндісінде микроорганизмді анықтау;
- жұлын-ми сұйықтығын, қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
- M иммундық-глобулин сыныбындағы антиденелердің диагностикалық маңызды титрі патогенге төрт еселік артуы.
Трансплаценттік жолмен пайда болған менингитке сенімді дәлелдер болмаса, жаңа туған сәбилердегі менингит МККБИ болып есептеледі.
Шунтты орнатқаннан кейін 12 ай ішінде пайда болатын инфекция хирургиялық операциядан кейінгі менингит болып есептеледі, егер ол шунтты орнатқаннан кейін 12 айдан немесе одан көп уақыттан соң пайда болса, ОЖЖ инфекциясы ретінде бағаланады.
Менингоэнцефалит менингит болып есептеледі. Менингитті жұлын ми абсцессі менингит болып есептеледі.
Менингитсіз жұлын абсцесін (жұлын-ми сұйықтығын немесе жақын орналасқан сүйек құрылымдарын қоспағанда жұлын, эпидуральды немесе субдуральды кеңістігіндегі абсцесс) анықтау өлшемшарты пациентте мынадай жағдайлардың бірінің болуы:
1) жұлын, эпидуральды немесе субдуральды кеңістігіндегі абсцесс құрамында микроорганизмнің бөлінуі;
2) хирургиялық араласу немесе аутопсия кезінде байқалатын немесе гистологиялық-патологиялық зерттеу деректерімен расталатын жұлын, эпидуральды немесе субдуральды кеңістігіндегі абсцесс;
3) басқа белгілі себептермен түсіндірілмейтін мыналардың бірінің: қызбаның (380С-тан жоғары), арқаның ауруының, ошақты гиперстезияның, радикулиттің, парапарездің, параплегияның, диагноз қайтыс болудың алдында қойылған жағдайда дәрігердің тиісті антимикробтық терапияны тағайындауы және мынадай жағдайлардың бірінің болуы болып табылады:
- қан себіндісінде микроорганизмнің бөлінуі;
- жұлын абсцесін растайтын рентгенологиялық деректер.