Ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының тапсырмасына сәйкес, Департамент басшысының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл Гаухар Каткенова мен ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Мухамедиев аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалар және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бойынша семинарлар өткізіп шықты.
Семинарларда аудандық басқармаларда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалып, қызметкерлер тарапынан қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар да берілді. Бұдан бөлек қызметкерлер арасында анонимді сауалнамалар жүргізілді.
Әдеп жөніндегі уәкіл Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңесінде берілген бұқаралақ ақпарат құралдары және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ұсыныстарға сәйкес, қызметшілерге Әдеп кодексіне сәйкес, көпшіліктің алдында сөз сөйлеу, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу, қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану сияқты талаптар түсіндірілді.
Сонымен қатар, Әдеп кодексінің 6-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, жұмыста және жұмыстан тыс уақытта (әлеуметтік желілерде) өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға себепкер болмау түсіндірілді.
Бұдан бөлек, қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 мамырдағы №120 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілер үшін қашықтықтан жұмысты, аралас қашықтықтан жұмысты, икемді жұмыс уақыты режимінде жұмыс істеуді қолдану қағидалары» кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, Департамент өкілдері Гаухар Каткенова мен Мейірхан Мухамедиев қызметкерлердің толғандырған сұрақтарына жауаптар беріп, әдістемелік ұсынымдармен бөлісті.
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі