Буын және сүйек инфекциялары

Буын және сүйек инфекциялары

Буын және сүйек инфекцияларына остеомиелит, буын немесе буынқап инфекциялары, медициналық көмек көрсетумен байланысты омыртқааралық дискілердің инфекциялары жатады.

 

Остеомиелитті анықтау өлшемшарттары пациентте мынадай жағдайлардың бірінің болуы болып табылады:

1) сүйек тіндерінің себіндісінде микроорганизмді бөлу;

2) хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистологиялық-патологиялық деректермен расталатын остеомиелит белгілері;

3) басқа ешқандай себептер болмаған жағдайда мыналардың екеуінің: қызбаның (380 С-тан жоғары), локальды ісіну, ауырсыну, қызу, болжамды инфекция ошағынан бөліндінің бөлінуі және мынадай жағдайлардың бірінің болуы:

  • қан себіндісінде микроорганизмді бөлу;
  • қанды зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
  • инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер.

        

Буын немесе буынқап инфекцияларын анықтау өлшемшарты пациентте мынадай жағдайлардың біреуінің болуы болып табылады:

1) синовиальды сұйықтық себіндісінде немесе синовиальды тін биоптатында микроорганизмнің бөлінуі;

2) хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистологиялық-патологиялық зерттеу деректерімен расталатын буын немесе буынқап инфекцияларының белгілері;

3) басқа ешқандай себептер болмаған жағдайда мыналардың екеуінің: буынның ауыруы, ісінуі, ауырсыну, қызу, буыннан сұйықтықтың немесе қимыл-қозғалыс амплитудасының шектелуі және мынадай жағдайлардың бірінің болуы:

  • Грам бойынша бояған кезде синовиальды сұйықтық үлгілерінде көрінетін микроорганизмдер және лейкоциттер;
  • қанды, несепті немесе синовиальды сұйықтықты антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы;
  • синовиальды сұйықтықтың инфекцияға тән және негізгі ревматикалық аурудың белгілері болып табылмайтын жасушалық және биохимиялық сипаттамалары;
  • инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер.

 

Омыртқааралық дискілердің инфекцияларын анықтау өлшемшарты пациентте мынадай жағдайлардың бірінің болуы болып табылады:

1) инфекцияланған жерден хирургиялық араласу кезінде немесе пункциялық биопсия арқылы алынған тін үлгілерінің себінділерінде микроорганизм бөлу;

2) зақымдалған жердегі инфекцияның хирургиялық араласу кезінде байқалатын немесе гистологиялық-патологиялық деректермен расталатын белгілері;

3) басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін қызба (380С-тан жоғары) немесе зақымдалған жердің ауыруы және инфекцияның болуын растайтын рентгенологиялық деректер;

4) басқа ешқандай себептермен түсіндірілмейтін қызба (380С-тан жоғары) немесе зақымдалған жердің ауыруы және қанды немесе несепті антигендерге зерттеу кезінде оң нәтиженің алынуы.