
Теміртапшылықты анемия бойынша жағдай (бұдан әрі – ТТА) елдегі басты проблемалардың бірі болып қала береді. Алматы қаласы бойынша «теміртапшылықты анемия» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған адамдардың саны бір жыл ішінде 2171 адамнан 2866 - ға дейін өсті (2022 ж. I тоқсаны - 2023 ж. I тоқсаны). Мәселені шешудің маңызды әдістерінің бірі күту тек фортификацияланған ұнды сату болып табылады.
Фортификациялау (байыту) – бидайды ұнтақтау кезінде ұнға премикс деп аталатын витамин-минералды кешеннің аз мөлшерін енгізу процесі жүргізіледі, бұл ұнның сапасы мен тағамдық құндылығын арттырады. Бір тонна ұнға 150 грамм премикс қосылады, яғни, ұн құрамында темір, фолий қышқылы, В1, В2 дәрумендері мен мырыш сияқты пайдалы микроэлементтерден тұратын дәрумендер бар болады.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 3 ұн тарту кәсіпорны есепке алынған: Жетісу ауданындағы «Алтын башақ» ЖШС және «АҚ-дән» ЖШС, Түрксіб ауданындағы «Казун» ЖШС. Бұл ұн тартатын кәсіпорындарда ұнды байытуға жағдай жасалған және өзінің өндірістік зертханасылары бар.
2023 жылдың I тоқсанында аудандық басқармалардың мамандары Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының мамандарын бірлесе отырып, «Ұнды фортификациялау», «Қауіпсіз өнімді таңдау», «Бірге дұрыс тамақтануға шақырамыз» тақырыптарында 8 науқан өткізілді. Науқан аясында сатып алушыларға фортификацияланған ұнның пайдасы, дұрыс тамақтану туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Экспресс әдісімен науқан барысында «Алтын Дән», «Цесна», «Пионер», «Пионер элита», «Гранум», «Жейхун», «Dani Нан», «Makfa», «AQ MARAL», «Дамир АА» сияқты сауда маркаларының «Снежинка», «Патша», «Сәлем», «Jaqsy bidai uny», «Ақсарай», «Сұлтан», «Жоғары сұрып байытылған бидай ұны» ұнның 26 сынамасы зерттелді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша фортификация сапасы таңбалаудағы темір құрамының мәлімделген талаптарына сәйкес келгендігі анықталды.
Оңтүстік мегаполистің санитариялық дәрігерлері ұн сатып алғанда халыққа мыналарға назар аударуды ұсынады:
1) Ұнды таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде қолданылады және байытылған ұн үшін мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:
-«Байытылған» сөзі үлкен әріппен болуы;
- қоспаның атауы;
- тағамдық және энергетикалық құндылығы;
- ұндағы қоспа элементтерінің құрамы мен сандық құрамы;
- тікелей күн сәулесі түспейтін жерлерде сақтау;
- сертификаттау туралы ақпарат;
- «Қазақстан Республикасында жасалған» немесе «Қазақстанда жасалған» деген жазу болуы тиіс.
Фортификацияланған ұн салынған қаптамаға белгіленген тәртіппен бекітілген фортификацияланған өнімдердің стандартты логотипі қолданылады.
2) Ұнды дұрыс сақтау үшін сату шарттарына сәйкес ауаның оңтайлы ылғалдылығы – 60-70%, ал қолайлы температура +5 - тен +18° C-қа дейін болуы керек. Стеллаждардағы қатарларды қабырғалардан 70 см қашықтықта, еденге дейін кемінде 15 см қашықтықта ұзақ сақтаған кезде, қатарлар арасындағы алшақтық кемінде 75 см болғанда ұсынылатын температура +5-тен -15° С-қа дейін болуы тиіс.