Кене боррелиозын алдын алу

Кене боррелиозын алдын алу

 Күн жылынғаннан бастап-ақ кенелер қысқы ұйқыдан оянады, олар кене энцефалиті және кене боррелиозы сиякты жұқпалы аурлардын тасымалдаушысы болып табылады. Кене белсенділігінің маусымы сәуірден қазанға дейін, ал олардың белсенділігінің шыңы мамыр және маусым айларына келеді.

 

2023 жылдың эпидемиялық маусым басталғаннан медициналық ұйымдарға кене шағуы бойынша 182 адам жүгінген, оның ішінде 100 (54,9%) 14 жасқа дейінгі балалар. Барлығына дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізілді. 2022 жылы кене боррелиозының 9 жағдайы тіркелген, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде тіркелмеді.

 

 Кене боррелиозы (Лайм ауруы) – боррелии тектес спирохеталардан туындайтын трансмиссивті, табиғи ошақты ауру. Кене боррелиозының инфекциясы зақымданған кене шаққанда пайда болады. Кене сілекейіндегі боррелии теріге еніп, бірнеше сағат ішінде көбейеді, содан кейін терінің басқа аймақтарына және ішкі ағзаларға (жүрек, ми, буындар және т.б.) таралады. Боррелии ұзақ уақыт (жылдар) адам ағзасында сақталуы мүмкін, бұл аурудың созылмалы және қайталанатын ағымын тудырады. Инкубациялық кезең 2 күннен 30 күнге дейін, орташа алғанда - 2 аптаға дейін созылуы мүмкін.

 

Аурудың басталуының тән белгісі – кене шағу орнында терінің қызаруы. Қызыл дақтың шеттері біртіндеп ұлғаяды, оның диаметрі 1-10 см, кейде 30 см-ге дейін немесе одан да үлкен болады. Аурудың жедел кезеңінің бірден-бір белгісі - дақтың пішіні дөңгелек немесе сопақша, сирек тұрақты емес болып келетін миграциялық эритема. Қабынған терінің сыртқы шеті қою қызыл, тері деңгейінен сәл жоғары көтерілген. Бірақ көбінесе эритема аурудың басқа да белгілерімен бірге жүреді: лимфа түйіндерінің ұлғаюы, әлсіздік, бұлшық ет ауруы, буындардағы ауырсыну және дене қызуының жоғарлауы, содан кейін аурудың төртінші аптасында (1-ден 10 аптаға дейін) неврологиялық және жүрек-қан тамырлары асқынулары пайда болады. Кене боррелиозымен ауыратын науқас қоршаған ортаға жұқпалы емес.

 

Кене боррелиозын емдеу тек ауруханада жүргізілуі керек. Емделмеген жағдайда ауру асқынып, кейбір жағдайларда жүйке жүйесі мен буындардың зақымдануынан мүгедектікке әкеледі.

Кене боррелиозының алдын алудың бірден-бір жолы – кене шағудан қорғану. Серуендеуге, саяжайға немесе орманды аумаққа барғанда келесі ережелерді сақтау маңызды:

- дұрыс киім кию қажет. Үстіге ашық түсті жеңі ұзын кеудеше, шалбар, аяққа етік, басқа қалпақ немесе орамал киген жөн. Кеудешені шалбардың ішіне, шалбардың балағын етікке, шұлыққа салу керек. Басқа көйлекке, курткаға тігілген капюшон киіңіз немесе шашты орамал, бас киімнің астына салу қажет;

- кенелерді үркітетін заттарды - репелленттерді қолдану қажет.

- киімді, денені және заттарды жиі тексеріп, үйге оралғанда да киімді және денені кененің бар-жоғын тексеріп алу керек.

 

Денеде шаққан кенені байқаған жағдайда, барынша ертерек (кене шаққаннан кейін 4 күннен кешікпей) серопрофилактикалық бөлімшелерге көмекке жүгіну қажет, онда білікті медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізіледі. Алматы қаласында кене шаққаннан зардап шеккендерге серопрофилактикалық көмек төмендегі медициналық мекеменің травматологиялық бөлімшелерінде жүргізіледі:

1) Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6, тел. 274-84-43);

2) Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96, тел 292-31-01);

3) №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220, тел. 300-37-01);

4) №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, 20, тел. 270-86-5) Медициналық жедел жәрдем көрсететін балалар орталығы (Манас көшесі, 40, тел. 274-83-19).