Медициналық ұйымдарда МККБИ (бұдан әрі - медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар) қоздырғыштары берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляциялар жасау кезінде немесе медициналық ұйымның сыртқы ортасының әртүрлі объектілерін (аппараттарды, аспаптарды, пациенттерге күтім жасауға арналған заттарды, санитариялық-техникалық жабдықты, төсек-орын жабдықтарын, медициналық бұйымдарды, таңу материалын, медициналық қалдықтарды) ұстау кезінде қолының ластануы болып табылады.
Микроорганизмдердің қол арқылы берілу жолдарын болдырмау және МККБИ пайда болуы тәуекелін азайту үшін медициналық ұйымдар қызметкерлері қолдарын ластанатын немесе ластануы мүмкін болатын барлық жағдайларда өңдеуі қажет.
Медициналық манипуляцияларды жүзеге асыратын медицина персоналы қолын тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды сақтауы қажет: тырнақты алу, тырнақтарға лак жақпау, жасанды тырнақтың болмауы, зергерлік бұйымдар мен сағат, білезік тақпау, қолды зақымдаудың болмауы, білекті киім жауып тұрмауы тиіс.
Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолды гигиеналық өңдеуінің үш тәсілі бар:
1) қолды антисептик қолданбай, сабынмен және сумен жуу;
2) қолды антисептик қолдану арқылы (гигиеналық) өңдеу;
3) қолды хирургиялық дезинфекциялау.
Қолды антисептик қолданбай, сабынмен және сумен жуу – кірді кетіру және өтпелі флораның мөлшерін азайту
Қолды антисептиктерді қолданбай, сабынмен және сумен жуу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
1) тамақ өнімдерімен жұмыс жасаудың, тамақ дайындаудың және тарату алдында;
2) тамақ ішу алдында;
3) дәретханаға барғаннан кейін;
4) пациентпен тікелей байланыс болмаған кезде пациентке күтім жасағанға дейін және одан кейін (төсек-орын жабдықтарын ауыстыру, үй-жайды жинау);
5) инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, науқастың зақымдалмаған терісін ұстағаннан кейін (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу);
6) жұмысқа келген кезде, жұмыстан кету кезінде;
7) қолдар анық ластанған барлық жағдайларда.
Қол жууға арналған жабдық
Қолды антисептик қолданып өңдеу – міндет өтпелі микрофлораны жою
Антисептиктерді қолданып өңдеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) пациентпен байланыс алдында;
2) тазалау/асептикалық ем-шара алдында;
3) биологиялық сұйықтықтармен байланыс тәуекелімен байланысты жағдайдан кейін;
4) пациентпен байланыстан кейін;
5) пациенттің айналасындағы сыртқы орта объектілерімен байланыстан кейін.
Қол антисептигіне арналған жабдық
Антисептик:
Мөлшерлегіш:
Қолды хирургиялық дезинфекциялау міндеті – өтпелі және ішінара резиденттік микрофлораны жою
Қолды хирургиялық дезинфекциялау келесі жағдайларда жүргізіледі:
1) кез-келген жедел араласулардың алдында;
2) маңызды инвазиялы ем-шаралардың (мысалы, ірі қан тамырларын пункциялаудың) алдында.
COVID-19 пандемиясы қол гигиенасының тағы бір мақсатын қосты – бұл медициналық көмек көрсету кезінде де, күнделікті өмірде де инфекция қаупін айтарлықтай төмендететін негізгі әрекеттердің бірі. Қызметкерлердің қолдары - госпитальдық микрофлораны берудің негізгі жолы екенін әрдайым есте ұстаған жөн. Көптеген қызметкерлердің міндеттемесі шешуші рөл атқарады.