
Сальмонеллез - бұл асқазан-ішек жолына әсер ететін жедел жұқпалы ауру. Инфекцияның қоздырғыштары сальмонеллалар тұқымдасына жататын микроорганизмдер болып табылады.
Инфекция көзі ауру адам немесе үй жануарлары, сондай-ақ бактерия тасымалдаушылар болып табылады.
Адам инфекцияны науқаспен байланыста болған кезде немесе сальмонелламен залалданған тағамдарды жеген кезде (негізінен жұмыртқа, құс еті, сүт өнімдері, сондай-ақ көңмен ластанған көкөністер мен жемістер) жұқтырады. Бала үшін көбінесе инфекция көзі оған қамқорлық жасайтын және тамақ дайындайтын анасы болып табылады.
Аурудың инкубациялық кезеңі 6 сағаттан 3 күнге дейін құрайды. Сальмонеллездің клиникалық белгілері іштің қатты ауырсынуымен, дене қызуының көтерілуімен, диареямен, жүрек айнуымен және құсумен сипатталады.
Оңтүстік мегаполисте 2023 жылдың 2 айында сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда – 0,27 құрады. 2022 жылғы ұқсас кезеңдегі 0,07 көрсеткішке қарағанда сальмонеллезбен сырқаттанушылық 3 есе (немесе 4 жағдайға) өсті. Сальмонеллезбен ауыратындардың жалпы санынан 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 16,7% құрады, бұл өткен жылдың деңгейінде.
Контингенттер бойынша жұмысшылардың үлес салмағы – 33,3%, студенттер – 33,3%, жұмыссыздар – 16,7% және ұйымдастырылмаған балалар – 16,7% құрады.
Науқастардың сауалнамасы бойынша үйде дайындалған өнімдердің үлесіне - 83,3%, стихиялық сауданың үлесіне – 16,7% тиесілі екені анықталды. Бұл ретте, инфекцияның берілу факторлары 50% тауық жұмыртқасы мен құс өнімдері, 33,3% сүт өнімдері, 16,7% сиыр етінен жасалған өнімдер болды.
Өзіңізді сальмонеллезден қалай қорғауға болады?
Балалар арасында аурудың алдын алуға ерекше назар аудару қажет, бұл ретте аналар, әсіресе, өмірінің бірінші жылында балаларды күту және тамақтандыру бойынша дәрігерлердің ұсынымдарын мүлтіксіз орындауы қажет.
Оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары сальмонеллездің белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтынын, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керектігін еске салады!