Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы қағидалары

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы қағидалары

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің (әрі қарай- ҚР ӘқбтК) 55-бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген шекте осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.

Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.

Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындамағаны үшiн көрсетілген жаза қолданылған мiндеттердi орындаудан, жол берiлген бұзушылықтарды жоюдан және залалды өтеуден босатпайды.

Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн.

Осы кодексінің 58-бабына сай, бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.

Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оларды сол бiр судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл тұлғаға сол бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, әкiмшiлiк қамаққа алу үшін – ҚР ӘқбтК-нің 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен, ал арнайы құқықтан айыру үшін осы ҚР ӘқбтК-нің 46-бабының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерден асыруға болмайды.

Егер әкімшілік айыппұлдар пайызбен көрсетілсе, олар бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны үшін салынған кезде, айыппұл әрбір құқық бұзушылық үшін жеке өндіріп алынады.