Кене энцефалиті: берілу жолдары, белгілері және оның алдын алу шаралары

Кене энцефалиті: берілу жолдары, белгілері және оның алдын алу шаралары

Күн жылынғаннан бастап-ақ кенелер қысқы ұйқыдан оянады, олар кене энцефалиті және кене боррелиозы сиякты жұқпалы аурлардын тасымалдаушысы болып табылады. Кене белсенділігінің маусымы сәуірден қазан айларына дейін, ал олардың белсенділігінің шыңы мамыр және маусым айларына келеді. Кенелер адамға тек орманда ғана емес, сонымен қатар қалалық саябақтарда, бақтарда, бақшаларда шабуыл жасайды. Кене сізге автобуста отырған саңырауқұлақ терушіден немесе бағбаннан  көшіп, сондай-ақ үйге үй жануарларының жүнімен немесе жабайы гүл шоқтарымен келе алады.

 

Алматы қаласының айналасының аумағы кене энцефалитінің эндемиялық аймағына жатады. 2022 жылы қала бойынша медициналық ұйымдарға кене шағуы бойынша 3084 адам жүгінген, оның ішінде 1519-ы (49,2%) 14 жасқа дейінгі балалар. Барлығына дер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин енгізілді. Кене энцефалитінің 7 жағдайы және кене боррелиозының 9 жағдайы тіркеліп, барлық науқастар стационарда дер кезінде ем алды.

 

Кене энцефалиті - орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жедел жұқпалы вирустық ауру. Аурудың салдары: толық сауығудан мүгедектікке және өлімге әкеледі.

 

Ауруды қалай жұқтырып алуға болады?

- Ормандарда, орман саябақтарында, жеке бау-бақша учаскелерінде кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарға бару кезінде;

- кенелерді жануарлар (иттер, мысықтар) немесе адамдар киімдерімен, гүлдермен, бұтақтармен әкелгенде және т.б.;

- ешкінің (көбінесе), қойдың, сиырдың шикі сүтін ішкенде, кенелердің оларды жаппай шағуы кезінде вирус сүтте болуы мүмкін. Сондықтан кене энцефалитінің қолайсыз аймақтарында бұл өнімді тек қайнағаннан кейін қолдану керек;

- кенені ұсақтап жаншу немесе шаққан жерді тырнаған кезде вирус теріге ысқылағанда жұқтырып алуға болады.

 

Аурудың негізгі белгілері қандай?

Инкубациялық (жасырын) кезең әдетте 10-14 күнге, 1 күннен 30 күнге дейінгі аралықта созылуы мүмкін. Ауру жедел түрде басталады, қалтырау, қатты бас ауруы, температураның 38-39 градусқа дейін күрт көтерілуі, жүрек айну, құсу сияқты белгілер пайда болады. Көбінесе мойын мен иықта, кеуде және белде, аяқ-қолдарда бұлшық ет ауырсынуы мазалайды.

 

Кім инфекцияға бейім? Барлық адамдар жасына және жынысына қарамастан кене энцефалитімен инфекцияға бейім. Қызметі орманда болумен байланысты адамдар – ағаш өңдеуші кәсіпорындардың, геологиялық барлау ұйымдарының қызметкерлері, автомобиль және темір жол, мұнай және газ құбырларын, электр желілерін салушылар, топографтар, аңшылар, туристер ең қауіпті топқа жатады. Қала адамдарын қала маңындағы ормандарда, орман саябақтарында, бау-бақша учаскелерінде жүргенде кене шағып, ауру жұқтыру мүмкін.

 

Кене энцефалитінен қалай қорғануға болады?

Жеке қорғаныс шаралары және кене энцефалитіне қарсы вакцинация – кене энцефалитінің алдын алудың негізі болып табылады.

 

Кене энцефалитінің табиғи ошағына барған кезде (тауларға, ормандарға бару, Алматы қаласының маңында орналасқан лагерьлер мен сауықтыру ұйымдарында демалу және т. б.) кене белсенділігі маусымы кезеңінде оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары кене шағуына жол бермеу бойынша келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

- шөпке отыруға, жатуға болмайды, киімді, денені және заттарды жиі тексеріп, үйге оралғанда да киімді және денені кененің бар – жоғына мұқият тексеріп алыңыз;

- біріңғай және ашық түсті киімдер киіп, шалбарды етікке, шұлыққа, киімнің жоғарғы бөлігін – шалбарға салыңыз, жең манжеттері қолыңызға мықтап орналасуы керек, көйлек жағалары мен шалбарының астында кене жүре алмайтын бекіткіштер болуы керек; көйлекке, курткаға тігілген капюшон киіңіз немесе басқа орамал тартыңыз;

- кенелерді үркітетін заттарды – репелленттерді қолдану қажет.

 

Сонымен қатар, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинациялау болып табылады екенін есте ұстаған жөн.

 

Кене энцефалитіне қарсы вакцинаны қайда және қалай жасауға болады?

Кене энцефалитіне қарсы екпені тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханалардан (немесе тіркелген жері бойынша) дәрігердің кеңесінен кейін ақысыз түрде алуға болады. Вакцинациялау курсы  1-7 ай аралығымен екі екпеден тұрады. Екпені жыл бойына, соның ішінде эпидемиологиялық маусымда да жүргізуге болады. Алайда, соңғы екпе кене инфекциясының ошағына шықпастан екі апта бұрын аяқталуы керек екенін әрқашан естен шығармаған жөн. Бірінші және екінші егулер арасындағы ең оңтайлы аралық 5-7 ай (күз-қыс). Эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің ошағына екінші вакцинация жүргізілгеннен кейін 2 аптадан ерте емес баруға жол беріледі. Ревакцинация вакцинациялау курсынан кейін бір жылдан кейін жүргізіледі. Кейінгі ревакцинацилар әрбір 3 жыл сайын жүргізіледі.

 

Кене шаққан жағдайда не істеу керек және қайда бару керек?

Жабысқан кене анықталған жағдайда, ең ерте мерзімдерде (кене шаққаннан кейін 4-ші күннен кешіктірмей), білікті медициналық көмек көрсетілетін және кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді енгізу жүзеге асырылатын серопрофилактика пункттеріне жүгіну қажет (кенелерді сорғаннан кейін 96 сағат ішінде кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді енгізу керек). Сіз кенені өзіңіз алып тастамауыңыз керек, кенені ұсақтауға тырыспаңыз. Бұл қауіпті! Егер сіздің қолыңызда сызаттар, кесектер болса, вирус қанға енуі мүмкін.

 

Алматы қаласында кене энцефалитінің шұғыл серопрофилактикасы келесі медициналық ұйымдардың травмотологиялық бөлімшелерінде жүргізіледі:

1) Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6) – Бостандық және Медеу аудандарының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді;

2) №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220) – Жетісу және Түрксіб аудандарының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді;

3) №7 қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, Райымбек даңғылы, 20) – Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді;

4) Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96, тел 292-31-01) – Алмалы ауданының ересек тұрғындарына қызмет көрсетеді;

5) Медициналық жедел жәрдем көрсететін балалар орталығы (Манас көшесі, 40, тел. 2748319) – қаланың барлық аудандарының 17 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалары мен жасөспірімдері үшін қызмет көрсетеді.

 

Есіңізде болсын, қауіпсіздік шараларын сақтау, табиғатқа шығу кезінде репелленттерді қолдану, кене сорылған жағдайда ерте медициналық көмекке жүгіну, уақтылы алдын алу және емдеу аурудың қолайлы нәтижесіне ықпал етеді.