
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының 2023 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен Каткенова Гаухар Сұлтанқызы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (бұдан әрі - Департамент) басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бүгін Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы Гаухар Сұлтанқызын ұжыммен таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Жаңа басшы орынбасары санитариялық-гигиеналық және техникалық регламенттердің талаптарын бақылау мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Гаухар Сұлтанқызы 1970 жылы 27 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 1996 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы бастап, бүгінгі күнге дейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында қызмет етіп келеді.
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы