
Тырысқақ – бұл асқазан-ішек жолына әсер ететін және диареяның дамуымен жүретін жедел ішек инфекциясы (кейде - өткір және өте қауіпті). Тырысқақтың қоздырғышы, себебі және тырысқақ вибрионы деп аталатын - Vibrio cholerae бактериясы болып табылады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және ProMed торынан алынған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың 31 қаңтары бойынша әлемде тырысқақтың 1493 жағдай тіркеліп, оның 98 жағдайы өліммен аяқталды, соның ішінде:
- Африка аймағының 6 елінде: (Бурунди – 66 жағдай, 1-і өліммен аяқталды), (Зимбабве – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Камерун – 9 жағдай тіркеліп, өліммен аяқталған жоқ), (Малави – 631 жағдай, 17 адам қайтыс болды), (Мозамбик – 11 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Нигерия - 200 жағдай тіркеліп, 60 адам қайтыс болды) ;
- Азияның 1 елінде: (Сирия – 555 жағдай, 20-сы өліммен аяқталды);
- Солтүстік және Орталық Американың 2 елінде: (Гаити – 2 жағдай, өліммен аяқталған жоқ), (Доминикан Республикасы – 17 жағдай, өліммен аяқталған жоқ).
Аурудың қоздырғышы - тырысқақ вибрионы, ашық су қоймаларында өте ұзақ өмір сүреді, төмен температураға төзімді, тамақ өнімдерінде 2 - 5 күн, тұрмыстық заттар мен іш киімдерде 2 аптаға дейін өмір сүреді. Дезинфекциялық құралдар, қайнату, күн сәулесі қоздырғышқа зиянды әсер етеді.
Аурудың көзі тек адам (науқас немесе тасымалдаушы). Қоздырғыш адам ағзасына ауыз арқылы енеді, сыртқы ортаға нәжіспен және құсықпен шығарылады. Тырысқақ - бұл әдеттегі ішек инфекциясы, оның таралуы су, тамақ, тұрмыстық жолмен жүреді. Шыбындар нәжісі арқылы өнімдерге, тұрмыстық заттарға вибриондардың механикалық тасымалдаушысы болып табылады. Тырысқаққа сезімталдық жоғары. Ішек инфекцияларының алдын алудың қарапайым ережелерін сақтамайтын, антисанитариялық жағдайда тұратын, сапасыз тамақ пен суды тұтынатын адамдар жиі ауырады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Тырысқақтың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау қажет:
- ішуге, жеміс-жидек, көкөніс, ыдыстарды жуу үшін тек қайнатылған немесе суқұбыры суын пайдалану;
- тамақ қауіпсіз, сапалы болуға тиісті;
- сүтті тек қайнатылған түрінде пайдалану;
- тағамдық өнім, дайын тамақ, әсіресе сүт өнімдерін шыбындардан мұқият қорғау;
- ас үй қалдықтарын жабық күйінде ұстау;
- барлық су көздерін ластану әсіресе нәжістен мұқият қорғау;
- қоқыс жәшіктері, жуынды шұңқырлары және қазылған дәретхана тесіктері қақпақтармен тығыз жабылуға тиісті;
- дәретхана есіктері тығыз жабылуға тиісті;
- барлық дәретхана және қоқыс жинағыштарды жүйелі түрде зарарсыздандырғыш заттармен өңдеу қажет.
Адам тырысқақпен ауырған жағдайда дереу дәрігерді шақыру қажет – науқас ауруханаға жатқызылуға тиісті. Бір бөлмеде немесе пәтерде науқаспен байланыста болған, онымен ортақ ыдыс-аяқ, дәретхана қолданған барлық адамдар профилактикалық ем жүргізу үшін оқшаулануы керек.