ГТА туралы не білуіміз керек?

ГТА туралы не білуіміз керек?

Бүгінгі таңда генетикалық түрлендірілген ағзларды (бұдан әрі - ГТА) пайдалану өте өзекті тақырып болып табылады. Бұл аббревиатура генотипіне гендік инженерия әдістері арқылы өзгерістер енгізілген организмдерді білдіреді, яғни гендер жиынтығы жасанды түрде өзгертілген. Негізінен мұндай әдістер ауыл шаруашылығындағы өсімдіктерге қолданылады. Гендік-түрлендірілген өсімдіктер тамақ жасау үшін қолданылады.

 

Генетикалық түрлендірілген ағзалар - қазіргі уақытта селекционерлердің негізгі құралы болып табылады. Жер бетіндегі халық санының тез өсуіне байланысты өнім өндірушілер өндірілетін өнім көлемін ұлғайтып қана қоймай, шикізат базасын дамытудың және оларды зиянкестерден қорғаудың жаңа әдістерін іздеуді бастауға мәжбүр.

 

Генетикалық түрлендірілген ағзалар гендік инженерия әдістерімен жасалады. Трансгенді өсімдіктер мол өнім береді, олар қарапайым, қолайсыз табиғи жағдайларға және әртүрлі ауруларға төзімді. Сонымен қатар, мұндай өнімдер әдеттегіден арзан. ГТА келесі тағамдардың құрамында болуы мүмкін:

- шұжық өнімдері

- кондитерлік өнімдерде

- нан және ұн өнімдерінде (тез дайындалатын кеспе, печенье, ұн және т.б.)

- импортталған көкөністерде (картоп, қызылша, қызанақ, қауын және т. б.)

- көкөністер мен жемістерде

- майлы өсімдік өнімдерінде (маргариндер, спредтер, майонездер).

 

2022 жылы өнімдерді әкелу мен өткізуді мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ГТА анықтау бойынша жүргізілетін зертханалық мониторинг шеңберінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тамақ өнімдерінен ГТА-ға 324 тамақ өнімінің сынамасын зерттеді. Зерттелген барлық сынамалардың ішінен ұн өнімдерінің 2 сынамасында тыйым салынған ГМО желілері анықталды. Бұл ұн өнімдері - қытай мен Корея өндірушілерінің тез дайындалатын кеспесі. Барлық қауіпті өнімдер сауда желісінен алынып, шаруашылық субъектісі жойылды.

 

Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тізілімде тіркелмеген гендік түрлендірілген өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің айналымына жол берілмейді.

 

Өсімдік, жануар және микробтық текті ГТА-дан алынған азық-түлік (тамақ) шикізатынан тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен азаматтардың денсаулығына зиян келтірмейтін ГТА  желілері пайдаланылуға тиіс.

 

Өнімнің генетикалық түрлендірілгенін қалай білуге болады?

- өнімнің таңбалануын зерттеу қажет, өйткені өндіруші шекті деңгей 0,9% болса, таңбалауда генетикалық түрлендірілген көздердің мазмұнын көрсетуге міндетті. Бұл ретте гендік-түрлендірілген көздері бар тамақ өнімдері туралы ақпаратты осындай өнімге сәйкестік сертификаттарын ресімдеу кезінде «қосымша ақпарат» бағанында көрсету қажет;

- сондай-ақ, арнайы зертханаларда тамақ өнімдеріндегі гендік-түрлендірілген көздердің ДНҚ-сын анықтауға болады.