Масленица мерекесі: Алматы қаласының санитариялық дәрігерлерінің кеңестері

Масленица мерекесі: Алматы қаласының санитариялық дәрігерлерінің кеңестері

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, қала тұрғындарары мен қонақтарға «Масленица» апталығы ағымдағы жылдың 20-26 ақпанда өтетіні туралы хабарлайды.

«Масленица келеді, құймақ пен бал пісіріледі...» - демекші (Халық сөзі). 

Масленица апталығында түрлі құймақтар, тәттілер, мол тағамдардың және т. б. әр түрлі ассортименттер пісірілетіндігі қолайлы себеп. Бұл мерекенің басты тағамы - құймақ. Құймақ май, қаймақ, бал, балық уылдырығы, балық және көкөніс қоспаларымен желінеді.

Оңтүстік мегаполистің санитариялық дәрігерлері құймақтарды дайындау кезінде ішек инфекциясы мен тамақтан улануды болдырмау үшін сақтық шараларын еске салады.

Әсіресе, жұмыртқаны таңдағанда мұқият болу керек, өйткені жұмыртқа ең қоректік және үнемді тағамдардың бірі болып табылады және дұрыс пісірілмеген және сақталмаған кезде тамақтан улануды тудыруы мүмкін, өйткені жұмыртқалар Salmonella бактерияларымен ластануы мүмкін және сальмонеллездің негізгі көзі болуы мүмкін.

Жұмыртқалар сальмонелланы қалай жұқтырады?

Сальмонелла жұмыртқа қабығына құстар жұмыртқа салған кезде немесе жұмыртқалар құс тезегімен байланыста болған кезде түсуі мүмкін.

Аурудың белгілері

Сальмонеллездің инкубациялық кезеңі 6 сағаттан 2-3 күнге дейін, орташа есеппен 12-24 сағат құрайды. Әдетте, аурудың басталуы өткір: қалтырау, температураның 38-39 градусқа дейін көтерілуі, бас ауруы, жалпы әлсіздік, іштің уыруы, жүрек айну және құсу. Нәжіс сұйық, сулы, көбікті, сасық иісті, жасыл түсті, күніне 5-тен 10 ретке дейін болуы мүмкін. Ауру басталғаннан бірнеше күн өткен соң, нәжісте шырыш, кейде тіпті қан қоспасы пайда болады. Әдетте, ауру 2-ден 10 күнге дейін созылады.

Аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігермен кеңесу керек екенін есте ұстаған жөн. Өзін-өзі емдеу зиян тигізуі мүмкін. Дәрігер дұрыс диагноз қойып, тиісті ем тағайындайды.

Масленица аптасында ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері тұрғындарға мыналарды ұсынады:

  • рұқсат етілмеген сауда орындарында шығу тегі белгісіз өнімдерді сатып алмау. Жұмыртқаларды дүкендерден және сату кезінде температура режимін сақтайтын ресми жеткізушілерден сатып алыңыз;
  • үйде жұмыртқаны жұмыс істейтін тоңазытқышта 4°C немесе одан төмен температурада сақтаңыз;
  • пісіру кезінде жарылған немесе лас жұмыртқаны пайдаланбаңыз;
  • қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдаңыз - азық-түлік сатып алғанда, мысалы, дайын мұздатылған құймақ сатып алғанда, алдымен қаптаманың тұтастығына, шығарылған күніне, жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аударыңыз;
  • мерекелік тағамдарды дайындау кезінде, ең алдымен, қолдың, жабдықтың, ас үй жабдықтарының, үй-жайлардың тазалығын қадағалау қажет;
  • шикі тағамдар мен дайын тағамдарды бөлек сақтаңыз, оларды өңдеу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын қолданыңыз;
  • көкөністерді, жемістерді, жидектерді ағынды су астында қолданар алдында мұқият жуыңыз;
  • сапалы, таза суды пайдаланыңыз;
  • пісірілген құймақтардың жарамдылық мерзімі бірнеше факторларға байланысты: жаңа пісірілген құймақ бөлме температурасында 4 сағаттан аспауы керек, ал тоңазытқышта - жабық ыдыста шамамен бір күн, ал салмасы бар құймақ (мысалы, сүзбе) айтарықтай аз уақыт сақталады.

Бірақ, егер сіз көше мерекелері немесе басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілетін жерлерде құймақ дәмін татуды шешсеңіз, онда өнімді сату шарттарына мұқият қараңыз: сатушы гигиена ережелерін сақтай ма, оның жұмыс орны таза ма, қоспалар мен басқа ингредиенттерді сақтау шарттарын сақтай ма және т.б.

Қауіпсіз тамақ дайындаудың негізгі ережелерін сақтау мерекеден кейін жақсы көңіл-күйді сақтап қана қоймай, ішек инфекциясы мен тамақтан улану сияқты жағымсыз салдардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Мерекеде сіздерге дәмді құймақтардың дәмін татып, мерекелік ойындар мен қызықты іс-шараларға қатысып уақытыңызды қызықты өтуіңізге тілектеспіз!