Тері беті тұтастығының зақымдалуымен байланысты маникюр және педикюр қызметтерінің тұрғындар арасында эпидемиологиялық қаупі бар, сондықтан санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес дезинфекциялық және зарарсыздандыру шараларды орындауды қажет етеді. Сұлулық салондары көрсететін қызметтердің танымалдылығының артуына байланысты, келушілердің назарына келесі мәселелерді білуді ұсынамыз:
- тері және шарышты қабықтың ықтимал зақымдануын манипуляциялау үшін қолданылатын құралдар (маникюр, педикюр, косметикалық қызметтер) дезинфекциялануы, зарарсыздандыру алдындағы тазартылуы және зарарсыздандырылуы тиіс.
- терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын объектiлердің жұмыскерлерi жұмысқа кiру кезiнде және жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, В және С вирустық гепатитінің маркерлеріне тексеріліп және жеке медициналық кітаптары болуы тиіс.
- парентералдық гепатитін және адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудың алдын алу мақсатында, жүргізілу барысында қолдың қанмен ластануы мүмкін болатын барлық манипуляциялар резеңке қолғаптармен жүргізілу керек.
- ашық микрожарқат, сызаттар, жарықшақтар, іріңді аурулар болған кезде, персоналдың клиенттермен жұмысы қорғаныш оқшаулағыштармен (саусаққаппен, жабысқақ пластырьмен) жүзеге асырылу қажет.
- педикюр жүргiзу кезiнде аяқ астына салынатын жастықша әрбiр қолданудан кейiн дезинфекциялау ерiтiндiсiне суланған шүберекпен сүртілу керек.
- аяққа және қолға арналған ванналар әрбiр клиенттен соң жуу құралдарын пайдалана отырып өңделуі тиіс.
- маникюр, педикюр, косметикалық көрсетілетін қызметтерді жеке жинақтар (көрсетілетін косметикалық қызмет түрі бойынша) болған жағдайда жүргізу керек.
- барлық үй-жайларында ылғалды жинау күн сайын жүргізіледі. Жинау мүкәммалы таңбаланады және үй-жайлардың функционалдық мақсатына қарай қолданылады, бөлінген орында (үй-жайда) сақталады.
Есіңізде болсын! Клиенттердің сұлулық салондарында, маникюр және педикюр бөлмелерінде тазалық пен қауіпсіздікке деген сұранысы ғана олардың иелерін тазалыққа, дезинфекциялау және зарарсыздандыру процестеріне көбірек көңіл бөлуге ынталандыруы мүмкін. Әр адам қауіпсіз өмір сүру жағдайларына құқылы!