
Топырақтың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг рекреация аймақтарында және су тарту құрылыстарының санитариялық қорғау аймақтарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №ҚР ДСМ-32 бұйрығымен бекітілген «Тіршілік ету ортасының қауіпсіздігіне арналған гигиеналық нормативтер» гигиеналық нормативінің талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.
Алматы қаласы бойынша 2022 жылда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармаларының коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау саласынадағы мамандары келесілерді зерттеді:
- микробиологиялық көрсеткіштерге 160 топырақ сынамасын, оның ішінде 44 сынама (27,5%) Санитариялық қағидаларға сәйкес келмейтіні анықталды;
- санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 133 сынама, Санитариялық қағидаларға сәйкес келмейтіні анықталған жоқ;
- паразитологиялық көрсеткіштерге 128 сынама зерттеді, оның ішінде 3 сынама (2,3%) Санитариялық қағидаларға сәйкес келмейді.