Биологиялық қауіпсіздік - адамдардың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының, жер беті мен топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және өзге де организмдердің) қауіпті биологиялық факторлардан, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін қорғалу жағдайы.
Биологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оның өзектілігі қазіргі әлемде жаһандық сипатқа ие жұқпалы аурулар мен олардың қоздырғыштарынан туындайтын қауіптермен анықталады.
Қазақстанда «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII Заң қабылданды, осы заңды іске асыру сыртқы және ішкі биологиялық қатерлерді болжауға, жедел анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жедел ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Биологиялық қауіптің негізгі көздері:
- жұқпалы аурулардың эпидемиясы мен өршуі;
- эпизоотиялар;
- биологиялық қауіпті объектілердегі авариялар мен диверсиялар;
- патогендік микроорганизмдердің табиғи резервуарлары;
- экожүйелер үшін қауіпті патогендік микроорганизмдердің, флора мен фауна өкілдерінің трансшекаралық тасымалдануы;
- биологиялық терроризм;
- биологиялық қаруды қолдану.
Биологиялық агенттер қолданылатын объектілер:
- микробиологиялық зертханалар;
- мұражай коллекциялары;
- ғылыми орталықтар;
- өндіріс;
- міндеттеріне дәрігерлер, зертханашылар, биологтар, технологтар және т. б. даярлау кіретін білім беру мекемелері.
Биологиялық зертханада ықтимал инфекцияның ең көп таралған көздері:
- микробтық дақылдармен тікелей байланыс;
- тірі микробтармен іс-әрекет;
- жұқтырған жануарлармен байланыс;
- ластанған жабдық («таза» ретінде қолданылады)
– тазалау жұмытары (ПБА-да жұмыс істемейтін персонал жасайды)
Бүгінгі таңда денсаулық сақтаудағы негізгі бағыт Қазақстан Республикасы халқының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл халықтың және табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің (яғни атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының, жер беті мен топырақ қабатының, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің) қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуы болып табылады.
Биологиялық қауіпсіздіктің алдын алу шаралары:
1. жалпы шаралар - биологиялық тәуекелдерді мониторингілеу және талдау, тиісті қызметтердің дайындығын қамтамасыз ету, биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптарды сақтау, биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, жалпы білім беретін мекемелердегі биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерделеу;
2. биологиялық қауіп көзіне бағытталған;
3. қауіпті биологиялық факторға бағытталған;
4. сезімтал ағзаға бағытталған – халықты профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру, иммунопрофилактика және химиопрофилактика, аса қауіпті жұқпалы ауруларды тудыратын биологиялық агенттермен жұмыс істейтін адамдарды, медициналық, ветеринарлық және ғылыми қызметті жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету.
Осылайша, биологиялық қауіпсіздіктің негізгі қағидасы инфекциялық материалдың олар өңделетін немесе өсіндіде сақталатын зертханалық ортадан таралуын шектеу немесе ағып кетуіне жол бермеу болып табылады..
Елдің ұлттық қауіпсіздігінің бөлігі ретінде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі субъектілердің (объектілердің) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауға және сақталуын тексеруге бағытталған мемлекеттік бақылау және қадағалау болып табылады.