Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімімен ағымдағы жылдың 24 қарашасында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.Т. Калыкова және «Magnum Cash&Carry» супермаркеттер желісі филиалдарының басшыларының қатысуымен ZOOM платформасында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңестің тақырыбы: «Magnum Cash &Carry» сауда желілерінде сәйкес келмейтін өнімдерді сатуға жол бермеу туралы». Аталған семинар-кеңес Алматы қаласының тұрғындарынан сауда желісіне шағымдардың түсуінің артуына байланысты ұйымдастырылды.
Семинар-кеңесте өнімнің таңбалауы, тауар-ілеспе құжаттарға қойылатын талаптар бойынша түсініктемелер берілді, сондай-ақ «Magnum Cash&Carry» супермаркеттер желісінде сәйкес келмейтін сынамаларды тіркеудің ықтимал себептері қаралды.