Қазіргі технология дамыған ғасырда адамзатқа, оның ішінде балаларға компьютерлер мен видеотерминалдардың зияны туралы айтпасақ та, барлығына белгілі жайт. Қазіргі уақыттағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, компьютер мен видеотерминалды пайдалану барысында қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № ҚР ДСМ-79 бұйрығымен бекітілген «Адамға әсер ететін физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының басты негізгі деген талаптарына тоқталатын боламыз.
Дербес компьютер, планшетті дербес компьютер, ноутбуктер және бейнетерминалдар арнайы салынған, жапсарлас, реконструкцияланған үй-жайларда, сондай-ақ дыбыс оқшаулау және ластанған ауаны ғимараттың шатырынан жоғары деңгейде шығару үшін тұрғын үй-жайларынан оқшауланған желдету каналдарын орнату қамтамасыз етілген кезде тұрғын үйдің кіреберісімен біріктірілмеген жеке кіретін есігі бар тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында немесе қоғамдық ғимараттардың кез келген қабаттарында орналастырылады және де жұмыс істеуге арналған үй-жайлар авариялық ғимараттарда орналастырылмайды.Электронды-сәуле түтігі базасындағы дербес компьютер және бейнетерминалды пайдаланушылардың бір жұмыс орнының ауданы қатарластырып орналастыру кезінде кемінде 6м2), орталықта және периметралды орналастыру кезінде – 4м2, тегіс дискреттік экрандар (сұйық кристалл, плазмалық, жарықдиодтық) базасындағы бейне терминалдарды пайдалану кезінде кез келген орналасу кезінде 4м2-ді құрайды. Ал, планшетті дербес компьютерді,ноутбуктерді пайдаланушылардың бір жұмыс орнының ауданы – 2,5 м2 құрайды. Компьютерлерді орналастыру кезінде үш нұсқаның бірін қолдануға болады, яғни, периметралды, қатармен (2-3-қатарлы), орталықта орналастыру пайдаланылады.
Жұмыс істеу бетінің өлшемдері қандай болады?
Жұмыс істеу бетінің өлшемдері:
1) үстелдің жұмыс істейтін бетінің биіктігі (еденнен) 640 - 800 мм шегінде реттеледі;
2) үстелдің жұмыс істейтін бетінің ені – 800, 1000, 1200 және 1400 мм;
3) жұмыс үстелінде биіктігі кемінде 580 мм, ені кемінде 500 мм, тереңдігі кемінде 450 мм болатын аяққа арналған кеңістік болады. Бейнемонитор экраны пайдаланушының көзінен 600 – 700мм қашықтықта, бірақ алфавиттік-цифрлық белгілердің және символдардың өлшемдерін есепке ала отырып, 500 мм-ден жақын емес қашықтықта болады.
Компьютердің орналасуы кезіндегі жабдықталуына қандай талаптар қойылады?
Дербес компьютер, планшетті дербес компьютер, ноутбуктер және бейнетерминалдармен сабақ өткізілетін үй-жайларда бір орынды үстелдермен жабдықталады.
Жұмыс үстелінің бетін жарықтандыруға қандай талаптар қойылады?
Жұмыс үстелінің бетін жарықтандыру: құрамдастырылған жарықтандыру кезінде жалпы жүйеден кемінде 300лк, жергілікті жүйеден 500лк; тек жарықтандырудың жалпы жүйесі болған кезде ғана 400лк құрайды. Жарықтандыру экранның бетінде жылтылдауды болдырмауды қамтамасыз ететіндей етіп жасалады. Экран бетінің жарықтануы 200 лк аспайды. Жасанды жарықтандыру кезінде жарық көзі ретінде люминесценттік және жарықдиодтық шамдар пайдаланылады. Жергілікті жарықтандыру шырағдандарына жарықдиодтық және (немесе) энергия үнемдейтін шамдарды қолдануға жол беріледі.
Қорыта айтқанда, адам денсаулығына кері әсерді болдырмау мақсатында физикалық факторлар көздерін орналастыру және пайдалану кезінде мынадай жағдайларды басты назарда ұстау қажет. Олар:
1) дербес компьютерді пайдалануға берген кезде және жаңа жұмыс орындарын құрғанда және жұмыс орындарын қайта ұйымдастырғанда;
2) электр магниттік жағдайды қалыпқа келтіруге бағытталған ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүргізгеннен кейін;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу кезінде;
4) еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау кезінде;
5) ұйымдардың өтінімдері бойынша;
6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу кезінде жұмыс орындарында құрал-саймандық өлшеулер жүргізілуі тиіс.
Әсіресе, мектепке дейінгі балалардың, мектеп жасындағы жасөспірімдердің денсаулығына баса назар аударуымыз қажет. Осыған байланысты, білім беру объектілерінде санитариялық қағидаларға сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Балалар - біздің еліміздің болашағы, басты байлығымыз!