Алматы қаласының тұрғындары арасында жыл сайын зооноздық инфекциялар, сонын ішінде листериоз тіркеледі. Зоонозды инфекциялардың адамдарға жұғуының негізгі факторлары жануарлар еті, сүті, әсіресе шикі сүт, пастерленбеген сүт қышқылы өнімдері (қаймақ, сүзбе, май, ірімшік) болып табылады.
Листериоз – адамдар мен жануарлардың инфекциялық ауруы. Ол ангинамен, пиелонефритпен, энцефалитпен, өздігінен түсік түсіруге, өлі туылуға және ерте балалар өліміне әкелетін ішкі ағзалардың әртүрлі зақымдануларымен көрінеді. Ауру хронизациялауға бейім. Листериоздың қоздырғыштары - Listeria тұқымдасының микроорганизмдері болып табылады.
Адамдар үшін инфекция көзі ауыл шаруашылық жануарлары – ауру және симптомсыз тасымалдаушылар мен кеміргіштер (қарапайым тышқандар, су егеуқұйрықтары, үй тышқандары және т.б.) болып табылады.
Листериоз – бұл кең таралған жұқпалы ауру, оны тану өте қиын және көбінесе тамақ ауруы, жедел вирустық инфекция (ЖРВИ), іріңді менингит, қан аурулары сияқты кең таралған аурулардың маскасының астында жасырылуы мүмкін. Осыған орай, көптеген жағдайларда, адамдар кең спектрлі антибиотиктермен емделу нәтижесінде, ешбір күдіксіз өздерінің листериозбен ауырғандарын білмей қалады. Листериозды тек қана зертханалық зерттеу арқылы анықтауға болады
Қоғам арасында листериоздың салдарынан туындайтын аурудан қаншалықты қауіптің барын білмегендіктен оған онша көңіл аудармайды. Жоғарыдағы аталған белгілі аурулардан листериоздың айырмашылығы жүкті әйелдердің өздігінен пайда болатын іштен бала алдыру (түсік тастауы, баланы алғашқы айларында өлі тууы) жүкті әйелдердің баланы шала тууы, листериозбен ауырған балалардың екіден бірінің шетінеуі және 1 жасқа дейінгі туылған балалардың 25 пайызы кемтар болып өсуі (гидроцефалия, мидың өшуі) халық арасында балаға көз тигеннен немесе экологияның әсерінен деп ойлайды.
Сондықтан барлық бала туатын жасындағы әйелдер ангинамен қайталап ауырса, аналық жұмыртқасы мен жатыр мойыншағы асқынғанда және барлық жүкті әйелдер босанғанға дейін және босанғаннан кейін ауруы тұмауға ұқсас болса, ангинамен ауырғанда, жерік кезінде листериозды анықтауға мінтетті түрде сараптамаларын зертханалық зерттеуге өткізуі қажет.
Жұқтыру малдың шикі өнімдерін термиялық өңдеуден өтпеген, жұқтырылған тағамдарды, әсіресе нашар жуылған көкөністер мен жемістерді тұтынған кезде пайда болады. Адамдар мен жануарларды жұқтырудың, листриоздың негізі көзі-аумақтағы кеміргіштер болып табылады.
Листериоздың алдын алу шаруашылық, санитариялық, ветеринарлық және медициналық шаралар кешенін қамтитынын атап өткен жөн. Бұл шаралар ауру жануарларды уақтылы анықтауға, оларды оқшаулау және емдеу қажеттілігіне, дезинфекция, дератизация жүргізуге, өркендеген шаруашылықтарды инфекцияның енуінен қорғауға, жеке гигиена шараларын сақтау қажеттілігіне, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді ауру жануарларға қоғамдық және жеке шаруашылықтарда күтім жасауға жол бермеуге бағытталған.
Листериоздың алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері алматылықтарға келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
- сатып алынған мал шаруашылығы өнімдеріне термиялық өңдеуді жүргізу;
- көкөністер мен жемістерді қолданар алдында жақсылап жуу керек;
- жеке гигиенаны сақтау.
Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау листериозды жұқтыру қаупін азайтады.